2019 жылдың 19 тамыз күні, сағат 09-00 де №45 гимназияда Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің математика ж/е физика пәнінің әдіскері Б.Алиеваның ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттыру»
Семинар жұмысына барлығы 58 мұғалім қатысты, оның ішінде қазақ тобында – 33, орыс тобында – 22 мұғалім.
Семинар барысында Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Касымовна секция жұмысына келіп, қала көлеміндегі математика пәні мұғалімдерін жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, маңызды пән мамандарына денсаулық, қажырлы қайрат және жетістіктері мол болуына тілектестік білдіріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар барысында мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, көкейкесті сауалдарына жауап алысып, қорытындысында қатысушылар тарапынан семинар жұмысы «жақсы» деп бағаланды.
Сағат 14-00 де №45 гимназияда Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің математика ж/е физика пәнінің әдіскері Б.Алиеваның ұйымдастыруымен физика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында секция отырысы өткізілді.
Семинар жұмысына барлығы 52 мұғалім қатысты, оның ішінде қазақ тобында – 34, орыс тобында – 18 мұғалім.
Семинар барысында қала көлеміндегі мектептерен 5 мұғалім өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, бір-бірімен пікір алмасты. Қорытындысында қатысушылар тарапынан семинар жұмысы «жақсы» деп бағаланды.
«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбындағы секция отырысы