2018 жылғы 22 тамыз күні Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназияның базасында «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛ» атты тамыз кеңесі өтті. Оның ішінде физика пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс «Физика сабағында заманауй технологиялар мен инновациялар, практикалық қолдану тәжірибесі» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Секция жұмысына қалалық білім білім бөліміне қарасты 56 білім мекемесінен 70 физика пәні мұғалімдері қатысты (қазақ бөлімінде -40, орыс бөлімінде – 30).
Секциялық отырыстың мақсаты - озық педагогикалық технологияларды қолдана отырып, әрбір жеке тұлғаның бойындағы білім, білік дағдыларын, практикамен ұштастыру болатын. Секция жұмысын математика және физика пәні әдіскері Б.Алиева ашып, ары қарай бағдарлама бойынша секция модераторлары жалғастырды. Атап айтар болсақ, қазақ бөлімі бойынша - №7 МГ-ң физика пәні мұғалімі Жаңабаева Лаззат Бейсенқызы, №8 МГ-ң физика пәні мұғалімі Парменкулова Динара Думанқызы, №44 ОМ-ң физика пәні мұғалімі Оспанова Маржан Омарқызы, орыс бөлімі бойынша - Помашева Гульмира Райбековна №1 Г, Эдемова Анна Романовна №39 ШГ, Кружилина Елена Александровна №40 Г, Городкова Татьяна Викторовна №18 СШ, Худзикевич С.М №23 СШ өз іс тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасап, әдіс алмасты. Секция отырысы барысында қызу сұхбат болды: секция қатысушылары сұрақтар қойды, өз пікірлерін білдірді, ұсыныстар мен ұсынымдар берді. Секция отырысының соңында мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылды. Төменде секция жұмысынан көрініс.