«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі» КММ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі ұйымдардың Тізбесіне енгізу үшін білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өтініштерді қабылдайды. Қалыптастыру "Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербес қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
1) "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес шарттарды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттарды;
3) "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес талаптарды;
4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің арнайы шарттары (бар болса) қолжетімді ортаны;
5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
7) "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына сәйкес бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен штат санын қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) МДҰ басшының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау жүйелерінің, автоматты өрт жүйесінің, дабыл түймесінің, дауыстық хабарлаудың және домофон жүйесінің болуы туралы ақпаратты;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен шартты (сиымдылығы үш топқа дейін);
4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелерін;
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, №190 мекен-жайында орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мөрленген, жабық конвертте өткізілуі тиіс.
Көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ақпараттық технологиялар нысаны арқылы электронды форматта (INDIGO24.KZ) жібереле ді.
Мектепке дейінгі ұйым бұл құжаттарды білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (INDIGO24.KZ) арқылы электронды түрде тапсыруы тиіс.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны туралы шешім http://taraz-kalasy.bilimbolimi.kzсайтында жарияланады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/7262/54 74 63 телефоны арқылы алуға болады.
Білім беру қызметтерін | |
Нысан | |
Білім беруді басқару органының басшысына | |
______________________ | |
(Басшының Т.А.Ә. (бар болса)) |
_______________________________________________________ тізімге
(мектепке дейінгі ұйымның атауы, БСН)
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін көрсетушілер тізіміне қосуыңызды сұраймын.
Осымен мынаны хабарлаймын:
1) мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты: _______________;
2) өтініш берілген күн бойынша нақты тәрбиеленушілер контингенті :_____ бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға _________ бала;
3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
____________________________________________;
(орналастырылған/ орналастырылмаған және қай жылдан бастап орналастырылғанын көрсетіңіз)
4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру дерекқорының пайдаланушысы болып табылады.
Осымен мектепке дейінгі ұйым:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптардың;
2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарының;
3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларының сақталуын;
4) Ұлттық білім беру дерекқорында өзінің:
- тәрбиеленушілері;
- тәрбиешілері, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпараттың ай сайын толтырылып отыруын;
5) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген ата-аналық төлемнің, оның ішінде қосымша қызметтер үшін, балалардың тамақтануы үшін төлемінің рұқсат етілген ең жоғары мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қосымша: Тізімге қосылу үшін арналған құжаттар ____ парақта.
Басшы_______________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні "______" __________ 20____ж.
Мөр орны (бар болса)



