№30 мектеп гимназиясында 2017 жылдың 4 қазанында «Адал ұрпақ» атты ерікті оқушылар клубының слеті ұйымдастырылып өткізілді.
Слеттің мақсаты:оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту,патриоттық сезімін ояту, белсенді ұйымшыл болуға, жаңа бастамаларды орындауға тәрбиелеу.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Слет салтанатты түрде ашылды. Слеттің қонақтары ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Елеуқызы Бекбатырқызына сөз берілді.Слетке қаланың 5-11 сынып аралығында «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубының 400-ге жуық белсенді мүшелері қатысты.
Болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін жол- Мәңгілік Ел идеясы. Мәңгілік еліміздің болашағы жарқын болуы бүгінгі өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесінде. №47 орта мектептің оқушылары «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты ұранмен флешмоб ұйымдастырды. Қала мектептерінің «Адал ұрпақ» атты клубының үздік көшбасшылары №8 гимназияның оқушысы Азреткулов Рамазан мен №24 гимназияның оқушысы Валижанов Вахит өздерінің үндеуін ұсынды. №5, №51 мектеп оқушыларының орындауында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты театрландырылған көрініс көрсетілді. 2016-2017 оқу жылдарында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта белсенді жұмыс атқарғандары үшін №15, 41, 1, 5, 33, 25, 2, 26 мектеп оқушылары сурет салу және шығарма жазу номинациясымен алғыс хатпен марапатталды.