2018 жылдың 14 ақпанында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №53 мектеп-гимназиясында Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Кездесуге Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы, білім саласының ардагері Саймасаев Орынбасар Айтжанұлы, білім беру мекмелерінде қызмет етіп жүрген Ауған соғысы ардагерлері қатысты.
Кездесу барысында жоғарғы сынып оқушыларына болашақ Отан қорғаушылар ретінде салтанатты түрде әскери шақыру қағазы тапсырылды. Ардагер ұстаздар мектеп оқушыларының сұрақтарына жауаптар беріп, өз ерліктерін баяндап өтті. Кештің соңы концерттік бағдарлама ұласты. Құрметті қонақтарға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды.
Кездесуге барлығы 150-ден аса мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.