Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия
ШЕШІМІ
Тараз қаласы №1 25 шілде 2018 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №231 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қағида талаптарына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бұрын орналастырылған төмендегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына білім беру тапсырыстары орналастырылып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілсін:
1.«Shaiza» ЖШС-нің «Бәйтерек» балабақшасына қосымша 40 орынға;
2.«Нұршашу» балабақшасы ЖШС-не қосымша 29 орынға;
3.«Ақ қайың» мектепке дейінгі білім беру мекемесі ЖШС-не қосымша 31 орынға;
4.«Global Taras» ЖШС-нің «Ботақан-life» балабақшасына қосымша 29 орынға;
5.«Қайнар и С» ЖШС-не қосымша 59 орынға;
6.«Мирас KZ-2030» ЖШС-не қосымша 82 орынға;
7.«РаъноБегим» ЖШС-нің балабақшасына қосымша 33 орынға;
8.«Сағи-Жарқын» ЖШС-нің балабақшасына қосымша 20 орынға;
9.«VITAMINKA» ЖШС ясли-балабақшасына қосымша 19 орынға.
2.Қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен келісім-шарт жасалсын.
3.Келісім-шарт жасау кезінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен бірінші кезекте 3-6 жас аралығындағы балалар қамтылсын.
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия шешімі білім бөлімінің www.taraz-kalasy.bilimbolimi.kz сайтына жариялансын.
Комиссия төрағасы: |
Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы |
Хатшысы: |
Байгараева Шолпан Джексеновна |