2018 жылғы 22 тамыз күні Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназияның базасында «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛ» атты тамыз кеңесі өтті. Оның ішінде дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында дене шынықтыру оқытушысының функционалдық құзыреттіліктерін қалыптастыру білім беру сапасын арттыру» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Секция жұмысына қалалық білім білім бөліміне қарасты 59 білім мекемесінен 65 дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты (қазақ бөлімінде -36, орыс бөлімінде – 29).
Секциялық отырыстың мақсаты - білім беру үрдісін жаңартуда дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қәсіби құзыреттілігін арттыру. Секция жұмысын дене шынықтыру және БӘД пәні әдіскері С.Мухамбетов ашып, ары қарай бағдарлама бойынша секция модераторлары жалғастырды. Атап айтар болсақ, қазақ бөлімі бойынша - №48 ОМ-ң дене шынықтыру пәні мұғалімі Бөрібеков Байжан, №47 ОМ-ң дене шынықтыру пәні мұғалімі Медерқұлов Еркін, №49 МГ-ң дене шынықтыру пәні мұғалімі Заурбекова Қарашаш, орыс бөлімі бойынша - Краснолобова Раиса №39 МГ, Перепелица Татьяна №40 Гим, Оразбаев Талгат №7 МГ, Молжигитова Фарида №1 Гим өз іс тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасап, әдіс алмасты. Секция отырысы барысында қызу сұхбат болды: секция қатысушылары сұрақтар қойды, өз пікірлерін білдірді, ұсыныстар мен ұсынымдар берді. Секция отырысының соңында мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылды. Төменде секция жұмысынан көрініс.