2019 жылдың 19 тамыз күні №30 мектеп-гимназиясының кешенінде Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Г.Пирназарованың ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбындағы секция отырысы өткізілді. Жұмыс барысында 68 мұғалім қатысты, оның ішінде қазақ тобында - 47, орыс тобында – 21 мұғалім. Секция отырысы барысында №№5,40,41,53 мектеп мұғалімдері өзекті саналатын тақырыптар бойынша ой қозғап, өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Секция барысында мұғалімдер коучинг жұмысына белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қорытындысында семинарға «жақсы» баға қойды
Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.