2019 жылдың 19 тамызы күні, сағат 11.00-де N30 мектеп-гимназияда Тараз қаласы əкімдігінің білім бөлімінің көркем-эстетикалық пəндердің əдіскері Е.К.Абумаликовтың ұйымдастыруымен, көркем еңбек, сызу, музыка пəндерінің мұғалімдеріне арналған "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көркемдік жəне технологиялық білімді дамыту" тақырыбы бойынша, тамыз конференциясының секциялық бөлімінің жұмысына, барлығы 72 мұғалім қатысты, оның ішінде қазақ тобында-50, орыс тобында-22 мұғалім болды. Секциялық бөлімінің жұмысы барысында Тараз қаласы əкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаева келіп, мұғалімдерді жаңа оқу жылымен құттықтап, Нұр-Сұлтан қаласында өткен тамыз кеңесінің жаңалықтарымен бөлісіп, алдағы оқу жылында табысты болуға шақырып, секцияның жұмысына сəттілік тіледі. Секция барысында мұғалімдер өздерінің іс-тəжірибелерімен бөлісіп, сұрақ-жауап алысты, қорытындысында секцияға қатысушылар тарапынан семинар жұмысы "қанағаттанарлық" деп бағаланды.
«Математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттыру» және «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» секция отырысы