"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:34
КП бойынша сілтемелер мемдекеттік мектепке дейінгі ұйымдар
18:34
КП бойынша сілтемелер, мектепке дейінгі ұйымдар
документ
18:24
2025 жылға дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия ШЕШІМІ:
документ
18:24
2025 жылға дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия ШЕШІМІ:
документ
21:29
2025 жылға мектепке дейінгі ұйымдар Тізбесіне енгізуге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
документ
18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
Көп жаңалықтар
» » «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №32 орта мектебі» КММ директорының бос лауазымына орналасуға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ..

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №32 орта мектебі» КММ директорының бос лауазымына орналасуға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ..

Жаңалықтар
1 008
7

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №32 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Тараз қаласы, К.Жалаири көшесі №35.

МЕМЛЕКЕТТІК ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУЫ ҮШІН МЫНАЛАР ТАЛАП ЕТІЛЕДІ:

Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Лауазымдық жалақы мөлшері 95776 (тоқсан бес мың жеті жүз жетпіс алты) теңге.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №619 бұйрығының қосымшасында көрсетілген «
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары» талаптарына сәйкес төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мектептің Қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурс өткізу орны және күні: Конкурс Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ғимаратында мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларымен көзделген мерзімде өткізіледі.

Конкурсқа қатысатын кандидаттар өтінішті және қажетті құжаттарды осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде Тараз қаласы әкімдігінің білім  бөліміне тапсыруы тиіс.

КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУ   ҮШІН  ҚАЖЕТТІ  ҚҰЖАТТАР: 

1) нысан бойынша өтініш;

          2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

          3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

          4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

          5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

          6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

        7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

          9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

        10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

         11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

       12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

       13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

         14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін  3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен куәландырылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Қосымша ақпараттарды төмендегі мекен-жайдан алуға болады:

Тараз қаласы, Төле би көшесі №35 үй, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі. Анықтама үшін байланыс телефондары: 43-40-32, факс: 43-40-32, индексі 080000, электрондық адресі: gor_mk@mail.ru



Басшының м.а.                                                                                             С.Есеев






Орынд.: А.Шымырбаева

Тел.: 54-62-99



Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

7 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау