«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 647 (алты жүз қырық жеті) орынға конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру» қағидалары негізінде өткізіледі (бұдан әрі – Қағидалар).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жекеменшік орта білім беру ұйымдары «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы хабарландыруда көрсетілген мекен-жайына өткізуі тиіс. Құжаттарды қабылдау мерзімі (10 күн), ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі күнінен бастап есептелінеді.
Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін өтініш берген жекеменшік орта білім беретін ұйымдар конкурсқа жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік орта білім білім беру ұйымдары «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) жарғы көшірмесі;
5) екінші деңгейлі банктерден берілетін қарыздардың болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, орта білім беру ұйымының құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар Тараз қаласы Қойгелді көшесі №190 мекен-жайда орналасқан (№8 бөлме) «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мөрленген жабық конвертте өткізілуі тиіс.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 24.12.2018 жылы сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Мөрленген жабық конверттер Тараз қаласы Қойгелді көшесі №190 мекен-жайда 2018 жылғы 25 желтоқсан күні сағат 10.00-де ашылады.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын орта білім беру ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны туралы шешімі taraz-kalasy.bilimbolimi.kz сайтында жарияланады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/7262/ 543377 телефоны арқылы алуға болады.
Еңбек нарығының |
|
Мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
жөніндегі комиссияның
төрағасы
___________________________
(Т.А.Ә.)
Өтініш
Орта білім бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін
_______________________________________________________________________________
(орта білім мекемесінің аты)
көрсетілген қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.
Орта білім ұйымының
басшысы _________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Толтырылған күні
Мөр орны