"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 777 орынға конкурс жариялайды.

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 777 орынға конкурс жариялайды.

Жаңалықтар
1 197
0

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

 

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 777 (жеті жүз жетпіс жеті) орынға конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы  №122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №231 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ  жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары» талаптарына сәйкес  өткізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен (2017 жылғы 7 сәуірдегі  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
           Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар  конкурсқа жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттар ұсынады:
            1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.   2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.»;

         Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

Комиссия мынадай:

1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;

2) осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім білім бөлімінің интернет-ресурсында жарияланады.

Конкурсқа ұсынылатын құжаттар Тараз қаласы Қойгелді көшесі №190 мекен-жайында орналасқан «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мөрленген жабық конвертте өткізілуі тиіс.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 2018 жылы 18 қазан күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Мөрленген жабық конверттер Тараз қаласы, Қойгелді көшесі №190 мекен-жайында 2018 жылдың 19 қазан күні сағат 10.00-де ашылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны туралы шешім www.taraz.zhambyl.kz. сайтында жарияланады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/7262/546223 телефоны арқылы алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш нысаны

Мемлекеттік білім беру тапсырысын

                                                                              орналастыру   бойынша    комиссия    

                                                                                                                          төрағасына

 

Өтініш

Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

 

/мектепке дейінгі ұйымның атауы/

қосуды өтінемін

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы             _________________________

                                                                                (қолы,Т.А.Ж.)

Толтырылған күні      «   » ___________________   201  жыл

 

  М.О.                             

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                       

Міндеттеме нысаны

Қалалық білім бөлімінің

 басшысына

______________________

/басшының аты-жөні/

 

Жеткізушінің міндеттемесі

Жарлық негізінде қызмет атқаратын   ___________________________

                                        /мектепке дейінгі  ұйымның атауы/

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ата-ананың ақы төлеу мөлшерінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтуге ата-ана төлемінің көлемін  белгілеу тек (қалалық) білім бөлімінің (басқармасының) жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға

 

/мектепке дейінгі ұйымның атауы/

кепілдік етеді.

 

 Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________

 Толтырылған күні        «   »  ________________    ______    жыл

 М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ

080000, Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі, №190, тел:54-10-55, gor_mk@mail.ru

 

 

                                                                «Жамбыл-Тараз  газеті

                                                                             редакциясы»  ЖШС-нің

                                                                             директор-бас редакторы  

                                                                             Э.Мырза-Ғалиға

 

 

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі Сізге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы хабарландыруды екі тілде  газет бетіне жариялауды сұранады.

Қосымша 8 парақ  тіркеледі.

 

 

Бөлім басшысы                                                                                М.Жинақбаева

 

 

 

 

 

 Г.Естаева

 Тел: 546223

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау