2018 жылдың 23 тамызы күні мектепке дейінгі бөлімінің мекеме басшыларына №43«Ертарғын» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа заманауи сапасына қол жеткізу; баланың дамуы мен денсаулығын қалыптастырудағы жүйелілік ұстаным; мектепке дейінгі білім берудің сан алуан түрлері үшін әлеуметтік сауықтыру технологияларын оңтайландыру» тақырыбында секция отырысы өтті. Секцияға мемлекеттік балабақшалар мен жекеменшік балабақшалардан барлығы 54 басшы қатысты.
Ал, әдіскерлерге №15 балабақшада «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы пәндік-дамытушы ортаның жағдайы. Оны жетілдіру жолдары» тақырыбында секция отырысы өтті. Оған мемлекеттік және жекеменшік мекемелерден 93 әдіскер қатысты.