"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

Жаңалықтар / Қамқоршылық кеңесі
1 336
2
«Тараз  қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-і «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Тараз қаласы, «Ақбұлақ» мөлтекауданы,  №31.
МЕМЛЕКЕТТІК ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУЫ ҮШІН МЫНАЛАР ТАЛАП ЕТІЛЕДІ:
1)   жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;
2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Бiлуге міндетті: 
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,   «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ педагогика, психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Лауазымдық жалақы мөлшері 95776 (тоқсан бес мың жеті жүз жетпіс алты) теңге.
Конкурс «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №510 бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкес төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мектептің Қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;
4) білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Конкурс өткізу орны және күні: Конкурс Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ғимаратында мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларымен көзделген мерзімде өткізіледі.
Конкурсқа қатысатын кандидаттар өтінішті және қажетті құжаттарды осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде Тараз қаласы әкімдігінің білім  бөліміне тапсыруы тиіс.
КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУ   ҮШІН  ҚАЖЕТТІ  ҚҰЖАТТАР: 
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі  (бар болса);
8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
10) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Қосымша ақпараттарды төмендегі мекен-жайдан алуға болады:
Тараз қаласы, Қойгелді көшесі №190 үй, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі. Анықтама үшін байланыс телефондары: 54-10-55, факс: 54-10-55, индексі 080000, электрондық адресі: gor_mk@mail.ru
Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

2 комментария

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау