«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 582 (бес жүз сексен екі) орынға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 18.10.2019 жылы сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Мөрленген жабық конверттер Тараз қаласы Қойгелді көшесі №190 мекен-жайда 2019 жылғы 21 қазан күні сағат 10.00-де ашылады.
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 582 (бес жүз сексен екі) орынға конкурс жариялайды.Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №609 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қағидалары негізінде өткізіледі (бұдан әрі – Қағидалар).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жекеменшік орта білім беру ұйымдары «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы хабарландыруда көрсетілген мекен-жайына өткізуі тиіс. Құжаттарды қабылдау мерзімі (10 күн), ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап есептелінеді.
Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін өтініш берген жекеменшік орта білім беретін ұйымдар конкурсқа жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік орта білім білім беру ұйымдары «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) жарғы көшірмесі;
5) екінші деңгейлі банктерден берілетін қарыздардың болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
6) "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы №306 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, орта білім беру ұйымының құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар Тараз қаласы Қойгелді көшесі №190 мекен-жайда орналасқан (№8 бөлме) «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мөрленген жабық конвертте өткізілуі тиіс.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 18.10.2019 жылы сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Мөрленген жабық конверттер Тараз қаласы Қойгелді көшесі №190 мекен-жайда 2019 жылғы 21 қазан күні сағат 10.00-де ашылады.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын орта білім беру ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны туралы шешімі www.taraz-kalasy.bilimbolimi.kzсайтында жарияланады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/7262/ 543377 телефоны арқылы алуға болады.
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 12-қосымша |
тапсырысын орналастыру
жөніндегі комиссияның
төрағасы
___________________________
(Т.А.Ә.)
Өтініш
Орта білім бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін
_______________________________________________________________________________
(орта білім мекемесінің аты)
көрсетілген қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.
Орта білім ұйымының
басшысы _________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Толтырылған күні
Мөр орны