Мектепке дейінгі бөлімнің жоспарына сәйкес әдіскер Естаева Гулфайруз Есенкуловнаның ұйымдастыруымен 2018 жылдың 8 қарашасы күні №13 бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі білім мекемелерінің психологтарына арналған «Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің моделі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға білім мекемесіне қарасты бөбекжай-бақшалар мен шағын орталық психологтары қамтылып, барлығы 48 маман қатысты.
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (педагог, ата-ана, бала).
- Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
- Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.