DataLife Engine > Әулемет және тәрбие жұмыстары > «Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің моделі»

«Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің моделі»

Мектепке дейінгі бөлімнің  жоспарына сәйкес  әдіскер Естаева Гулфайруз Есенкуловнаның ұйымдастыруымен  2018 жылдың 8 қарашасы  күні №13 бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі білім мекемелерінің психологтарына арналған «Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің моделі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға  білім мекемесіне қарасты бөбекжай-бақшалар мен шағын орталық психологтары қамтылып, барлығы 48 маман қатысты.

Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

  1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (педагог, ата-ана, бала).
  2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
  3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.

 

 

 




Вернуться назад