№20 орта мектеп жанынан «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанаты
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің салтанатты түрде тұсауы 20 орта мектептің жанынан ашылды. Кабинет Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі және «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Досаева Гульнар Есенгельдиновнаның қолдауымен ашылды. Бұл мекемеде «Жайлау» (3), «Алатау» (8), «Самал» (7), «Салтанат» (4) және «Талас» (6) мөлтек аудандарында тұратын, қазіргі уақытта №1 ППТК барып жүрген 150 балаға қызмет көрсетілетін болады.
Кабинеттің мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қызметін көрсету арқылы олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету болып табылады.
Бұл түзету кабинеті ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына тиімді көмек көрсете отырып, арнайы мамандардың жеке және топтық түзеу жұмыстарын жасау арқылы жүзеге асады және әрбір бала мен ата-анаға кеңес беріп, баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Мекемеде мамандардың кабинеттері (емдік дене тәрбиесі залы, Монтессори кабинеті, психолог кабинеті, логопед кабинеті, сурдопедагог кабинеті, әдіскер кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу кабинеті) оңалту құрал-жабдықтарымен, әдістемелік материалдармен, әдеби және ойын арқылы дамытатын Монтессори материалдарымен жабдықталған. Кабинеттерде дефектолог, логопед мұғалімдері, педагог-психолог мамандары, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, ЕДШ нұсқаушысы, медбике-массажист, әдіскер мамандары қызмет етеді. Балаларды психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті