Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 21 тамыз күні Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында «Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мұғалімнің әдістемелік шеберлігін жетілдіру жолдары» тақырыбында директордың ғылыми-әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасарларына арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді. Секциялық отырыста білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Атакулова Г.Ж 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен таныстырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Педагогикалық шеберлік филиалының менеджер-әдіскері Н.М.Тұрысбекова «Білім беру мазмұнын жаңартуға қолдау бойынша Жамбыл облысының жетекші мектептерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық сессия көрсетті. №44 мектептің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.Р.Райкулов 2019-2020 оқу жылына арналған ҚР оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды. №45 гимназияның ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Есимханова «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуда жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. №54 мектептің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Баккараева «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдаййында жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдары», №8, № 12 гимназияның ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары «Оқыту және оқытуды жақсартуда Lesson study үдерісін қолдану», №41 гимназиясының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.М Дүзенова «Роль LS в повышении эффектифности учебного процесса в школе» тақырыптарымен коучинг өткізіп, тәжірибе алмасты.
Секциялық отырысқа барлығы 55 мектеп директорының орынбасарлары қатысты.
Секциялық отырыс соңында кері байланыс өткізіліп, қалалық білім бөлімінің алғыс хаттары табысталды.
«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбындағы секция отырысы