БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗЫМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ
Тараз қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 26 тамыз күні «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Достық үйінде педагог қызметкерлерге арналған Тамыз кеңесінің пленарлық отырыс өткізілді.
Кеңес барысында Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, Алмас Қадырбекұлы Садубаев - қала әкімінің орынбасары - құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының алдына қойылатын міндеттерді атап өтті.
Күн тәртібінде:
1. Білім бөлімінің басшысы Есеев Саясат Керімбекұлы «Білімді ұлт-мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында баяндамасын оқыды.
2. «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен Төле би атындағы №8 гимназия ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ибраева Улмекен Ауганбековна, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен Тараз қаласының білім бөлімінің үздіксіз білім беру секторының меңгерушісі Байназарова Айгул Токтыбаевна, «Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен» білім қызметкерлері марапатталды.
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі- Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етілетіні, мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа азайтылғандығы, сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылғандығы, білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілгендігі туралы айтылды.