1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен экологиялық жобаларды қолдау мақсатында жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қала оқушыларының қатысуымен акция өткізді.
Акция барысында №№35, 39, 36, 47, 48, 46 мектептерінің оқушылары, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектептің немесе оған жақын орналасқан ойын алаңдарын тазалап, өз ауласында асфальтта суреттер салып, #adalbolashaq хэштегімен әлеуметтік желіде жарияланды.