Ұстаз-өз шәкіртінің өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге қол ұшын беретін, оқушы санасына ұлттық тәрбие дәнін егіп, адамгершілік нұрын шашатын ерекше тұлға болуы тиіс деп білемін. 40 жыл ұстаз болып, мұғалім үшін осындай үлкен жауапкершілікті қажет ететін жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келдім. Еліміздің болашағының жарқын болуы бүгінгі жастарымыздың біліміне, парасатына, күш-жігеріне байланысты екенін бір сәт естен шығармай, қашықтықтан оқыту сабағымызды бастап кеттік. Сол бір сәтте ойыңда бір-ақ нәрсе ,ол сенен «Не болар екен?», «Ел сенімін қалай орындар екенбіз?» деп толғанған сайын өзінің де, өзгенің де келешегін, бүгінгі күннің тірлігін, туған елінің тағдырын ой елегінен өткізіп, құлшына іске кірістік. Бүгін мен сияқты ұстаздардың басты міндеті-рухани байлығымызды үйрете отырып, әр баланың қабілетін, талантын жаңа бір қырынан ашу. Осыған үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, оқушыларға қалай етсек тиімді жолын табамыз деген оймен жұмысымызды бастап кеттік. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шығара алады. Кемел ұстаз ғана өз ұлтының жанашыры болатын оқушыларды тәрбиелей алады, жүрегіне жол табады.
Ойымды былай қорытындылағым келеді. Қазір елімізде білім алуға, ғылымды игеруге мүмкіндік жеткілікті. Тек қиындығына төзе білу қажет. «Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең, сол шығады, әрі мол шығады», - деген екен Ғабиден Мұстафин. Сол үшін қазіргі қашықтықта білім алып жатқан ұл – қыздарымыздың көңілдеріне білім нәрін егіп, ата- анаға, елге, жерге, Отанға қызмет етуі тиіс екен жан жүрегіне жеткізетін, өз ісінің шебері болуы керек деп білемін. Жан шебері өмір сүру қағидаларын сөзбен емес, алдымен ісімізбен көрсететін ұстаз болуымыз керек. Сөзі мен ісі бір ұстаздарды ұл – қыздары ұлықтайды деп сенемін.
Есенгалиева Гүльнар - Тараз қаласы, Жамбыл атындағы № 5 мектеп – гимназиясының қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі