"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » №14 орта мектебі 2017-2018 оқу жылында ата-аналар қауымдастығы алдындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

№14 орта мектебі 2017-2018 оқу жылында ата-аналар қауымдастығы алдындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында
2 086
4

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №14 орта мектебі 2017-2018 оқу жылында ата-аналар қауымдастығы алдындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

 Өткізілген күні: 09.01.2018 жыл

Өтілген орны: М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп АКТ залы

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды: М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп

Қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы ақпарат жұртшылық назарына жеткізілді: әлеуметтік желілер арқылы хабарланды 8.01.2018 жыл.

Қатысты:
1. Тараз қаласы әкімі аппаратының №4 округінің бас инспекторының міндетін атқарушы: Қ.Р.Нұрланов
2. Тараз қаласының аймақтық ардагерлер кеңесінің мүшесі: М.М.Байкеев

3.Ата-аналар кеңесінің төрайымы: Н.А.Жұмағұлова
4.Мектеп директоры: З.К.Нұрбалтаева
5. 1-11 сыныптардың ата-аналары, (130 ата-ана) сынып жетекшілері.

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

  1. Оқу тоқсанының қорытындысы бойынша ата-аналар қауымдастығы алдындағы есебі. /Мектеп директоры Нұрбалтаева Закура Кеңесбайқызы./
    2. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу.
    /Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаппасбаев Маулен Мұхитұлы/
  2. Мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында жүргізілген жұмыстардың есебі.

/Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балабаева Әсел  Мейрамханқызы/

І.Баяндама жасады:

І.1. «Оқу тоқсанының қорытындысы бойынша ата-аналар қауымдастығы алдындағы есебі» мектеп директоры Нұрбалтаева Закура Кеңесбайқызы:  
           - Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланып, жүзеге асырылуда. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. 

79-қадам. Білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. 

Аталған жағдайларға байланысты 2017-2018 оқу жылының I жарты жылында М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінде атқарылған жұмыстар.
Биылғы оқу жылында мектепте  1209 оқушы білім алуда. Оқушыларға білім, тәлім-тәрбие беруде 110 мұғалім қызмет етеді. Пәндік үйірмелермен қатар спорт «Қылқалам шеберлері», «Жас суретшілер», «Өнерлі өрендер», «Ұлттық қолөнер», «Баскетбол» үйірмелері жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі 2017-2018 оқу жылында 98 пайызды құрайды. 2017-2018 оқу жылында 2,5,7-сыныптар жаңартылған білім бағдарламасына көшті. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3,6,8,10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4,9,11-сыныптар көшеді. Дарынды балалармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2017-2018 оқу жылында 14 оқушы қалалық пән олимпиадасына қатысып, 3 оқушы жүлделі 2 орынды иеленсе, 34 оқушы Республикалық «Ақ бота» марафонына қатысып І, ІІ орынды иеленді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Қалмаханова Айгүл Базарбайқызы мұғалімдер арасындағы «Педагогикалық идеялар» Республикалық байқауының ІІІ орын жеңімпазы атанды. Жыл сайын ұстаздар күніне орай өткізілетін іс-шараға қатысып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Жаппасбаев «Тәлім таңы» номинациясын иеленді.

 ІІ. Баяндама жасады:

2.1. «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу жұмыстарының барысы».
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаппасбаев Маулен Мұхитұлы:

- Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық ішкі істер барқармасымен бірлесе отырып ай сайын түрлі бағыттағы жұмыстар жүргізіліп тұрады. Қазіргі уақытта мектеп бойынша Тараз қаласы №2 ПБ КТІЖБ есебінде бір оқушы тұр. Ол 2016-2017 оқу жылында ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-тармағы бойынша (бұзақылық) есепке алынған.

Мектеп тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанымен кейбір ата-аналар тарапынан қадағалау аз.

2017-2018 оқу жылының 4 айында 5-11 сыныптарға 9 мәрте рейдтік іс-шаралар жүргізілген болатын. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде әсіресе жоғары сынып оқушыларының қалта, сөмкелерінен мектепке әкелуге тыйым салынған заттар анықталуда. Мәселен, қымбат ұялы телефондар, иіс сулар, өткір қайшылар, ұсақ темір заттар. Осыған байланысты ата-аналарға айтарымыз: баланың жеке заттары мен сөмкелерін қарап, қандай заттарды пайдаланып, ұстап жүргендігін анықтауға кірісіңіздер. Себебі, ертеңгі күні бақылаусыз қалған зиянды заттар сіздерді жауапкершілікке тартуы мүмкін.

 ІІІ.Баяндама жасады:       

3.1. «Мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында жүргізілген жұмыстардың есебі».

/Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балабаева Әсел  Мейрамханқызы/

  - М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 2017-2018 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары жасалынды. Жоспарға сәйкес оқу жылының басында білім беретін 46 сынып кабинетінде «Болашаққа бағар: Рухани жаңғыру» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылып, 5-6 сыныптарда «Рухани жаңғыру – жаңа серпіліс», 8-11 сыныптарда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілсе, мектеп кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында стенд дайындалып, ақпараттық бұрыш жасалынды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жарияланған «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасын оқушылардың назарына жеткізу мақсатында қазан айында мектебіміздің түлегі, Астана қаласы Л.Гумилев атындағы «Еуразия университетінің» жастар мәслихатының депутаты Әбдіманат Ерғазы Әзімханұлы,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сержан Кенжебек Сержанұлы,  Тараз Жастары ресурсы орталығының» басшысының орынбасары Исатай Ғабиден Сандыбекұлымен «Туған жердің түлегі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге келген қонақтар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының мәні мен маңызына тоқталып, оқушыларды отанды сүюге, патриот болуға шақырды.

            Мақаладаға таяу жылдардағы міндеттердің келесі бірі «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Осы орайда қараша айында 82 оқушының қамтылуымен «Жамбыл облысының киелі жерлерінің картасымен» таныстыру мақсатында «Айша бибі», «Қарахан» тарихи ескерткіштері мен облыстық мұражайға экскурсия ұйымдастырылды.

Таяу жылдардағы міндеттердің бірі – еліміздің латын әліпбиіне көшуі. Осыған байланысты қараша айында, латын әліпбиінің жаңа нұсқасын оқушылар мен ата-аналарға таныстыру, түсіндіру мақсатында мектебімізде біршама іс-шаралар жүргізілді. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жарқын болашағы» тақырыбында баяндама оқылса, кітапханашылар мен қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдері, кітапханашылар және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

            Мектептің №2 ғимарат дәлізінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында бұрыш жасалынды. Бұрышта мақалада жарияланған ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы мәліметтер және таяу жылдардағы жүзеге асырылатын міндеттер көрсетілді. Сонымен қатар осы бұрыштың ортасына теледидар орнатылып, тақырыптық бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Оқушылардың бойындағы отанға деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында №2 оқу ғимаратының тарих кабинетінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында стенд жасалынды.

Мектептің №1 ғимаратының дәлізінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы мен «Жамбыл облысының киелі картасын» насихаттау мақсатында бұрыш жасалынды.

Алдағы уақытта да Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген бағыттар мен міндеттерді орындау мақсатында түрлі мәдени, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

 Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Сұрақ: ата-ана Қ.Дүйсенбаева:

 Мектептен үйге қайтар жолдағы «Театр» көшесін жарықтандыру жұмыстары қашан жүргізіледі?

 Жауап:

Тараз қаласы әкімі аппаратының №4 округінің бас инспекторының міндетін уақытша атқарушы Нұрланов Қанат Раисұлы бұл мәселенің қалалық әкімшіліктің отырысында қаралатыны туралы айтты.

 Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар:

  1. Мектеп директоры Нұрбалтаева Закура Кеңесбайқызы  I жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жасаған есебі негізінде мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста болып, олардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын жіті назарда ұстасын.
  2. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Жаппасбаевтың  баяндамасы негізінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыса отырып, түсіндіру іс-шараларын өткізсін.
  3. Мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткізілген іс-шаралар «қанағаттанарлық» деп бағаланып, жұмыстар жыл бойы жалғастырылсын.

 

 

 

 

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы: ________ Нұрбалтаева Закура Кеңесбайқызы

 

Қоғамдық тыңдаулар хатшысы: ________ Копбаева Мақпал Аханқызы

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

4 комментария

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау