Қазақстан мектептерінде 4 – тоқсанның ерекше форматта болуы- кедергіні - мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдыратын уақыт екенін көрсетті. Әр білім беру ұйымы қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесіне тиімді көшу мақсатында өз тәжірибесін жаңаша ұйымдастыруды көздеді. Сәуірдің алғашқы күндерінен бастап Білім және ғылым министрлігі тоқсанды тиімді ұйымдастырудың жолдарын бағыттап, қашықтықтан оқытуға байланысты қажеттілігіне қарай барлық мәселелерге бастамашылық жасап, педогогтар қауымына қолдау көрсетті.
ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие педагогтар қауымы қажырлы еңбек пен өзін- өзі толассыз жетілдіру мақсатында қажеттілігіне қарай уақытпен санаспай жұмыстарын бастап кетті. Bilimland.kz, Kundelik.kz, I-test, I-mektep, twig-bilim.kz, daryn.online ресурстары жаңартылған білім беру аясында табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға керемет көмекші құрал болып отыр. Сонымен қатар, педогогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы тренерлерінің де педогогикалық ұжымға өткізген вебинарлары жаңашылдық және ақпаратты қолдану дағдыларының тиімді жетілдіру жолдары: онлайн-сервисте жаттығулар, тапсырмалар, қосымшалар құруға оларда әр түрлі форматтарда сақтауға, кітапханадан дайын модульдерді пайдалануға, пайдаланушылар арасында еркін ақпарат алмасуға, сыныптар құруға және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға болатын мүмкіндіктерге үйретті. Бұл оқу платформалары - оқушының таным көкжиегін кеңейтіп , мұғалімге өз тәжірибесінде қолдана отырып , уақытын үнемдеп , сабақты сапалы , қызықты жаңашылдығымен ұйымдастырудың бірден-бір жолы.
Ұстаз бен ата-ана, шәкірт үштігі ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасап, қазіргі уақытта қашықтықтан оқытуда мұғалімдер нәтижелі жұмыс көрсетуде.
Оқушылардың жіберген ақ тілектері, ата-аналардың ыстық ықыластары, алғыстары ұстаздар қауымын шабыттандырып,педагог мәртебесін одан әрі көтеріп тастады.
Кез келген жағдайда кедергіден шығудың жолын таба білетін ұстаздарымыз қашықтықтан оқытудың алғашқы аптасын артқа тастап , жаңа басталған оқу аптасына сәтті қадам басты.
Шортанбекова Фарида Советбекқызы - Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия директоры