Ағымдағы жылы Тараз қаласындағы 60 мектептің 1 сыныптарына 9504 орынға бала қабылданатыны жарияланып, бүгінгі күнге 8694 оқушы қабылданды.
Нормативтік құжаттарға сәйкес гимназия, лицей сыныптарына баланы қабылдау сұхбаттасу жүргізу арқылы қабылданды. Қазіргі таңда гимназиялар бойынша жарияланған 2380 орынға балалар толық қабылданды.
Бүгінгі күні мектептерде 1 сыныпқа 1538 бос орын бар. Бос орындарға өтініштер қабылдау жалғастырылуда. eduschool.kz сайтындағы «Бос орындар парақшасынан» қажетті мектептегі орындар туралы ақпарат алуға болады.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Тел. 54-10-55, 54-33-77
