Ағымдағы жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар балаларына көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылып 906 оқушыға 2 109 825 теңгеге көмек берілді. Қала әкімі №10 орта мектептің оқушылары С.Нұрмағанбетовтардың отбасындағы 7 балаға, Ж.Тоқсеитованың отбасындағы 8 балаға қыстық киімдер мен азық-түлікпен, кәсіпкерлер Г.Каримов, Л.Ключникова, И.Соколовская 3 отбасына азық-түлікпен, Байзақ ауданы қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығының орынбасары Е.Абильдаев №50 орта мектептің 50 оқушысына кеңсе тауарларын, №17 орта мектептің ата-аналар комитеті 15 оқушыға азық-түлікпен, №8 гимназияның «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Жүректен жүрекке» акциясын ұйымдастырып балалар үйіне сыйлықтар ұйымдастырып, көмек көрсетті. Сонымен қатар атқарылған іс-шаралар БАҚ-да жарияланып «Мейірім-ең ізгі қасиет», «Жақсылық жасаудан жалықпа!», «Ты однажды возьми и добро соверши!» мақалалары жарық көрді.