2018 жылдың 31 қазанында Тараз қаласы №55 орта мектепте өткен ата-аналар жиналысында мектеп директорының Қамқоршылық кеңес алдындағы берген есебінің
ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы 31 Қазан 2018 жыл
Жиналыс модераторы: Ботанбеков Еркин Нышаналиевич (қамқоршылық кеңестің төрағасы)
Қатысқандар:
1.Тохметов Д.Е, Тараз қаласы №55 орта мектеп директоры;
2.Мектеп әкімшілігі, мектептің педагогтары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог;
- 167 ата-ана
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Мектеп ғимаратына жасалған ауқымды жөндеу жұмыстары;
2.Оқушыларға берілген көмек ;
Сөз алды: Тохметов Дәулетхан Еділбекұлы,мектеп директоры: Өткен оқу жылында ата-аналардың,бюджеттің көмектерінің арқасында оқу кабинеттерінің 50%-ға жуығының едендеріне жаңа линолиум төселді.Өткен оқу жылы сәтті өтті.Мектеп педагогтары мен мектеп оқушылары көптеген жетістіктерге жетті.Біздің елдімекенде айтулы мецанаттар жоқтың қасы.Десек те,жаңа оқу жылында жетім,жартылай жетім, әл-ауқаты төмен, көп балалы жанұя балаларына мұғалімдер тарапынан 288 мың теңгеге ақшалай көмек көрсетілді.Мектебімізде ұсталған киім банкісі де үздіксіз жұмыс атқаруда.Сондай-ақ мұқтаж оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз етіп отыру да жақсы жолға қойылған. «Технодом» сауда орталығы мұқтаж 2 жанұяға,әр отбасына 20теңгенің азық –түлігін көмекке берді. Сондықтан қол ұшын бергеназаматтарға, ата-аналар мен мектеп ұжымына алғысым шексіз...
Сөз алды: Ботанбеков Еркин Нышаналиевич,қамқоршылық кеңестің төрағасы:
Біздің елдімекеннің тұрғындары әр жақтан жиналғандықтан, барлығын жақсы тани бермейміз.Мектепке қол ұшын беретін мецанаттар жоқ деуге болады. Десек те, қолдан келгенше, әлі де болса оларды ұйымдастыруға әрекет жасаймын деп ойлаймын.
Аспазшы З.Жұматаева әл-ауқаты төмен 6 жанұяға азық-түлікпен көмек көрсетті.Халқымызда «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар.Сондықтан ысырапшылдыққа жол бермей, мұқтаж,зәру кішкентай қара көздерімізді жылатпайық,ағайын! Мектепке әрқашан көмектеріңізді аямаңыздар!
Ұсыныстар:
1.Көмекке зәру,мұқтаж оқушыларға ұдайы ата-аналар тарапынан көмек ұйымдастыру жалғассын;
2.Ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс жалғастырылсын;
- Көмекке зәру,мұқтаж оқушыларға сырттан меценаттарды тарту жақсы жолға қойылсын;
Төраға ___________ Ботанбеков Еркин Нышаналиевич
Хатшы ___________ Айдарбекова Гүлзат Сабырбековна