Әдістемелік десант жұмысы туралы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті 2018 жылғы 15 қараша күні №38 орта мектепте әдістемелік десант жұмысын өткізді. Білім бөлімінің әдіскерлері мен озат тәжірибелі педагогтардан құрылған әдістемелік десант мүшелері №38 орта мектептің пән мұғалімдерінің 16 сабаққа қатысты. Қатысқан сабақтар бойынша сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, сындарлы ой-пікірлер айтылды, сабақтар бірлестіктерде талданды. Келесі бөлімде пән бірлестіктері бойынша 13 презентациялар мен шебер сыныптары көрсетіліп, барлығы 41 пән мұғалімі мен әкімшілік мүшелері қамтылды. Жүргізілген кері байланыстың нәтижесінде өткізілген әдістемелік тиімділігі айқындалып, ұсыныс пікірлер тыңдалды.