Мектеп директорының қамқоршылық кеңесте есеп беруінің хаттамасы
Хаттама №2
Күні: 30.10.2018ж. Сағат: 18-00
Қатысқандар:
- Мектеп директорының у.м.а. Ү.Н.Қалдыбаев
- Қамқоршылық кеңес мүшелерінен 9 адам
- Мектеп әкімшілігі
Күн тәртібінде:
- Мектеп директорының атқарған жұмысының есебі
- Тындалды: №54 орта мектеп директорының у.м.а. Қалдыбаев Үсен Нұрмаханұлы сөз алды.
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту- басты міндетіміз. Қазіргі таңда білім беру саласында оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға баса назар аударылуда. Сондықтан мектебіміз «Сындарлы оқыту арқылы құзырлы тұлғаны қалыптастыра отырып білім сапасын арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізуде.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайына көшуге байланысты мұғалімдердің, ғылыми-теориялық тұрғыда білім жетілдіру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып, білім жетілдіру курстарынан өтілуін толық қамтамасыз етіп келеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің іргелі еңбегінің «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады.
Сол жобаның бірі, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау болып табылады.
Барлық қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып бөлмелерінде латын әріпбейіне арналған тақтайшалар орнатылған. 2017 жылдың 30 қараша күні «Латын әліпбиі-жаңашыл Қазақстан үшін» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді. 21 желтоқсан күні «Мен латын әліпбиі үшін!» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында 9 сынып оқушылары арасында «Мен латын әліпбиі үшін!» тақырыбында дөнгелек үстел, 6-11 сынып оқушылары арасында «Латын қарпі және заманауи мектеп» атты диктант жазудан байқау өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға Турсынәлі Ақбота, Сағынбек Асель, Қуаныш Ақнұр, Джамалова Амина, Уайсбекова Ақнұр және Рахметтулла Шынар ие болды.
Қазақстан Респупликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-еуі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.
Мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Қыркүйек айынан бастап өз таңдауы бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағдардағы сыныптарға оқушыларды өтініштерімен отырғызылды.
Мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша арнайы кабинет ашылған. Кабинетте жаратылыстану, гуманитарлық, технологиялық бағытқа байланысты қабырға стендтері жасалынған.
Сонымен қатыр, мектебіміздің мұғалімдері мен білім алушылары арасында халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстарға қатысып жүлделі орын иеленітдігі туралы айтылды.
Бүгінгі күнге білім алушылар арасында пәндік бағыттағы конкурстар ғана емес спорттық, өнер саласындағы да көптеген жетістіктерге тоқталып өтті.
«Ғибрат» тәрбие орталығының жұмысы бойынша атқарылған шаралар мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстармен бөлісіп, бүгінгі күнге мектебімізде полиция бөлімінде, мектепішілік бақылауда есепте тіркелген оқушылардың жоқтағы аталып өтті.
Мектеп директорының у.м.а Ү.Н.Қалдыбаев
Хатшы Бөлегенова М.