"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:34
КП бойынша сілтемелер мемдекеттік мектепке дейінгі ұйымдар
18:34
КП бойынша сілтемелер, мектепке дейінгі ұйымдар
документ
18:24
2025 жылға дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия ШЕШІМІ:
документ
18:24
2025 жылға дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия ШЕШІМІ:
документ
21:29
2025 жылға мектепке дейінгі ұйымдар Тізбесіне енгізуге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
документ
18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
Көп жаңалықтар
» » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында
2 115
0

Керімбай  атындағы  №12  мектеп-гимназиясында өткізілген  қамқоршылық  кеңестің 

 

 №3  хаттамасы

 

Күні:  09.10.2018

Қатысқандар:  Қамқоршылық  кеңестің мүшелері, ата-аналар.

 

Күн тәртібінде

 

  1. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі.

 

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры М.Ж.Тұрысбек  маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы атқарылған  жұмыстарының қорытындысы бойынша баяндамасын оқыды. Баяндамада мектеп-гимназияның 2018-2019 оқу жылының басындағы жетістіктерін атап айтты, яғни,  67 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, 2 оқу ісінің меңгерушісі критериалды бағалау жүйесі бойынша үйлестіруші курсын аяқтағандығын, 20 мұғалім Кембридж технологиясы бойынша оқытудың деңгейлік курстарын және 11 мұғалім жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға бейінделіп, В1, В2 деңгейінде ағылшын тілін меңгеріп, информатика, химия, физика, биология пәндерінде терминдерді ағылшын тілінде қолдану арқылы сабақтар өткізіп жатқандығын мақтанышпен атап өтті. Сонымен қатар тарих пәні мұғалімдері «Қазақстан тарихы» бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарды иеленді, атап айтатын болсақ: Шартықбаева Гаухар-ІІІ дәрежелі диплом, Абзелова Гулмира-ІІ дәрежелі диплом, Асемжанова Қарлығаш-ІІІ дәрежелі диплом, Шартықбаева Жанат-ІІІ дәрежелі диплом, Манасова Кенжегуль-ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мектеп-гимназия психолгтарының, әлеуметтік педагогтардың, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасарының жұмыстарымен де таныстырып өтті. Атап айтатын болсақ, қыркүйек айында 1,5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушыларының ата-аналарына  «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында конференция жүргізілді. Қиын оқушылардың мінез –құлық ерекшеліктерін, ақыл –ой деңгейлерін анықтау барысында проективті тестер жүргізілді.

9 сынып   оқушыларынан ОЖСБ-ға психологиялық  дайындығын анықтау мақсатында сауланама алынды. Оқушылардың агрессия мен қобалжу     деңгейін анықтау мақсатында «Филлипс»  тесті жүргізіліп жатқандығана тоқталып өтті.

         2018-2019 оқу жылында мектеп-гимназияда жағдайы төмен, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың саны анықталды. Жағдайы төмен мектеп-гимназияда - 67  оқушы, ата -ана қамқорлығынсыз қалған - 3оқушы, патронаттық тәрбиеде - 2 оқушы бар.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  25 қаңтардағы №64  қаулысымен бекітілген  санаттарға сәйкес 2018-2019 оқу жылында жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға мектеп-гимназияда  67 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

         «Мектепке жол» акциясы барысында мектеп гимназия ұжымы қаражат жинап көп балалы отбасынан шыққан 6 «В» сынып оқушысы Шәріфхани Аққұндызға мектеп формасы, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, 5 «г» сынып оқушысы Қасым Аманатқа мектеп формасы, толық емес отбасынан шыққан 5 «Б» сынып оқушысы Нұрғалиұлы Бағдаулетке  мектепке қажетті құрал-жабдықтар, көп балалы отбасынан шыққан 7 «Б» сынып оқушысы Нұрланқызы Аяулымға мектепке қажетті құрал-жабдықтар алынып берілді.

мектеп-гимназияда жасөспірімдер арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу күн тәртібінен түспейтін мәселе.

  • Бүгінгі күнде қалалық ішкі істер бөлімінде қиын оқушы есебінде оқушы тіркелмеген.
  • Мектепішілік есепте оқушы жоқ.  «Қауіпті»  топ  есебінде  оқушы жоқ
  • Жайсыз, шырқы бұзылған, өнегесіз отбасында тәрбиеленіп жатқан  кәмелетке толмағандар тіркелмеген .
  • Наркодиспансер есебінде тұрған жасөспірім жоқ.
  • Себеп салдарсыз 10 күннен астам сабаққа келмеген оқушылар жоқ.
  • Хиджап, паранджа киетін оқушылар жоқ.

Сонымен қатар мектеп-гимназия оқушыларының да оқу жылы басындағы жетістіктеріне тоқталды.

                       Қамқоршылық кеңесі демеушілерінің қолдауымен қыркүйек айында мектеп-гимназияда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері» тақырыптарында қабырға стенттері жасалынғандығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері оқшауланып орналастырылғандығын және 3 қабаттың терезелерінің жалюздері түгел ауыстырылғандығын ерекше қуанышпен атап айтты.

Мектеп-гимназия демеушілері есебінен екінші қабаттың екі жақ дәлізіне «Фикус» гүлдері  орналастырылды және алдағы уақытта мектеп-гимназияда «Вертуальды мұражайдың» ашылуы жоспарланып отырғандығына да тоқталып өтті.

     

 

Шешім:

  1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Керімбай атындағы  №12 мектеп-гимназияда  құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын;
  2. Маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын;
  3. Қаржылық қолдауды ұйымдастыра отырып, мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жалғастырылсын, қайрымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылсын.

 

Қамқоршылар кеңес төрағасы                               А.Т.Қартабаев 

Қамқоршылар кеңес мүшелері:                              

                          А.И.Абдибаева    

                          Ж.АЖампозова 

                          Х.Т.Қасымова 

                          Ғ.А.Қасымова  

                          Ж.М.Сейдалиева 

                          Д.Н.Шермұхамедова  

                          А.Ә.Мазбаева  

                          М.Д.Исабекова

 

 

 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау