«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесінің № 4 хаттамасының көшірмесі
Өткізілген уақыты: 04.10.2018ж.
Қатысқандар:
- Гимназия директоры Ә.Әзімбай
- Қамқоршылық кеңес мүшелері, барлығы – 13
- Ата-аналар комитетінің мүшелері, барлығы - 78
Күн тәртібінде
1.Төле би атындағы №8 гимназиясының директоры Әзімбай Әлішер Әзімбайұлының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі.
Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін гимназия директоры Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы алып, қамқоршылық кеңес алдында өткен оқу жылында атқарылған іс-шараларға есеп берді.Өткен оқу жылы гимназиямыз табысты аяқтады. Бітірген 74 түлектің 37-сі мемлекет білім беру гранттарын иеленді. 5 түлек Америка Құрама Штаттары, Түркия, Латвия, Польша сияқты мемлекеттердің үздік жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алды.Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орта балл 92,2 құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда +2,4 балға өсті.Гимназиямыз қала бойынша үздік ондықтың қатарынан көрінді. Өткен оқу жылында SKILLS ACADEMI мекемесі гимназияны республика бойынша «Үздік ұжым» номинациясымен марапаттады.Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған республикалық «Олимпийский парад-2018» байқауында «Үздік білім беру мекемесі» және «Үздік білім беру мекемесінің басшысы» номинацияларын иелендік.Республикалық «Пифагор» мекемесі ұйымдастырған математика пәнінен Пифагор олимпиадасында гимназия оқушыларынан құралған команда І орынды иеленіп, қаладағы «Үздік математиктер мектебі» атанды. Республикалық пән олимпиадасында Тараз қаласынан жалғыз алтын медальді біздің гимназия оқушысы Джаһангер Ақжан иеленді.
53 оқушымыз Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім-инновация» лицейлеріне оқуға түсіп, гимназиямыз аталған мектептерге түсушілер көрсеткіші бойынша ТОП-10 мектептің қатарына енді.
Қала мектептерінің рейтингісін анықтау бойынша Жамбыл облыстық білім басқармасы ұйымдастырған ата-аналар мен оқушылардың он-лайн дауыс беруі нәтижесінде гимназиямыз үздік атанып, қала мектептерінің арасында рейтинг бойынша 2 орынға шықтық.
Тәрбие жұмыстарының жүргізілуі рейтингісі бойынша қала мектептері арасында гимназиямыз 2 орынды иеленді. Гимназиямыздың 3 сынып оқушысы Қабылбек Іңкәр Италия астанасы Рим қаласында өткен әлемдік музыка байқауында (пианинода ойнау) жүлделі 3орын иеленсе, 6 сынып оқушысы Тоғызбай Әлім Шри-Ланка Республикасында шахматтан өткен жарыста күміс медаль иеленді.Гимназия оқушылары өткен оқу жылында қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың қорытындысы бойынша 94 жүлделі орындарға қол жеткізді.
Дана халқымыз «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп бекерге айтпаған.Оқу жылының қарсаңында ұстаздарымыз да түрлі марапаттарға ие болды. Бастауыш сынып мұғалімі Мұстафаева Гүлнар Таңсыққұлқызы білім беру саласының ең жоғары марапаты «Ы.Алтынсарин» медальін иеленді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шайпитенова Жанна Танабекқызы Жамбыл облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Директор орынбасары Мүсірбеков Дархан Оспанұлы мен бастауыш сынып мұғалімі Исаева Айгүл Аманқызы Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар гимназияның материалдық-техникалық базасы да жыл сайын жақсарып келеді.Осы жазда білім ордамыздың жылу құбырлары жөнделіп, 10 оқу кабинетінің едендеріне төсеніш төселді. Бастауыш оқу ғимаратының едені жаңартылып, ғимараттың сыртқы қабырғасы боялып, жаңа қалыпқа енді.
Жарыссөз:
Н.А.Досаева – кеңес мүшесі.
Гимназиямызда өткен оқу жылында бірталай іс-шаралар атқарылғандығы көрініп тұр. Ұстаздарымыздың, оқушыларымыздың бірталай жетістіктерге қол жеткізгендіктері бізді қуантып отыр.Гимназия директорына, гимназия ұжымына үлкен алғыс пен толағай табыстар тілейміз.
Д.О.Балаева- кеңес төрайымы
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің атынан гимназия ұжымына алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз рәтті болып, оқушыларымыз биік шыңдардан көріне берсін.
Шешім:
- Гимназия директорының қамқоршылық кеңес алдындағы берген есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д.Балаева
Хатшы А.Абенова