Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының базасында 1 маусым 2020 жылы «Технолендке қош келдіңіздер!» атты (әуе, кеме, авто үлгілері және робототехника үлгілерінің қойылымымен таныстыру) іс – шарасы өткізілді.
Іс шараның мақсаты: Балалардың ғылыми – техникалық шығармашылығын насихаттау.
Іс - шараға Техникалық шығармашылық орталығының 85 тәрбиеленушісі қатысты.
Орталықтың тәрбиеленушілері және қосымша білім педагогтары әр техникалық бағыт бойынша үш топқа бөлініп жұмыстарын көрсетті. Робототехника үйірмесінің қосымша білім педагогтары А. Суранчиева, К.Шутов суммо және кегельринг бойынша балаларға шебер-сыныптарын және «Танк», «Знап», «Гоночная машина», «Воздушный фильтр воздуха для столярных мастерских» жобаларын көрсетті. Тәрбиеленфушілер «Ведо» конструкторларды шашып қайтадан құрастырды.
Қосымша білім педагогы Н. Ахметов «Хавендиенст - 4», «Катерний тральщик», «Катер Я6», «Херманн Марведе» және «Разумный жойғыш кемесі» әскери кемелерін бассейнде жүргізіп балаларға қуаныш сыйлады.
Қосымша білім педагогы А.Лысенко «Ан 2», «Пеналет F3P» «Як 55» әуе үлгілерінен жарыстар ұйымдастырып ұшақтарды парашюттарды және зымырандарды ұшырып көрсетті.
Іс - шара соңында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында тәрбиеленушілерге және қонаққа келген балаларға демеушілер тарапынан тәтті балмұздақтар ұсынылды.