"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
642
0

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

                             
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 132 қаулысымен бекiтiлген

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

    1.  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 14 мамырында № 11047 тіркелген) бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Жамбыл облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
    3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
    1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
    2) үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
    Ескерту. 3 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 19.12.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Көрсетілетін қызметті берушініңқұрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау

    3. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағындакөрсетілген өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар) табылады.
    4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесініңқұрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
    1) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу – 15 минуттан аспайды;
    2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыру және орындауға жолдау – 1 жұмыс күні ішінде;
    3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 1 жұмыс күні ішінде;
    4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою – 1 жұмыс күні ішінде;
    5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру– 15 минуттан аспайды.
    5. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
    1) кіріс нөмірі бар өтініш;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының бұрыштамасы;
    3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;
    4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3. Көрсетілетін қызмет берушініңқұрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

    6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушініңқұрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;
    3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
    7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 15 минут ішінде құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне орындауға жолдайды;
    3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
    4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
    5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.

4. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

    8. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.
    9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
    10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында - www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.


 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегін
оқытуды ұйымдастыру үшін
құжаттарды
қабылдау"мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"

     

Шартты белгілер:

     

                                     
Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау