Бір күндік тамақтың құны 450 теңгені құрайды.
Ас мәзірі Қазақ тамақтану академиясы Ұлттық салауатты тағамтану орталығымен әзірленген «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттары» әдістемелік ұсынымы негізінде жасалынған. Барлық білім беру мекемелерінің асханаларында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.03.2012 жылғы №320 қаулысының 15 қосымшасы басшылыққа алынған. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп оқушыларына тағам рационына бал мен сүт өнімдері енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысымен бекітілген Қағидасында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамызда №544 қаулысымен өзгерістер енгізілген) көрсетілген жекелеген санаттағы 19470 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.10.2018 жылғы №598 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін көрсету конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс жеңімпаздары білім мекемелерінің мектеп асханаларында қызмет көрсетeді.
2022-2023 оқу жылында асханада 9 мердігер –«Дәмді тамақтар», «Аллана и Д», «КШСП», «Ас Эко», «Эверест» ЖШС, «Тұяқбаева», «Тоқсеитова», «Нуржанова» ЖК, «Дулат» ШҚ қызмет көрсетеді.
2020 жылы 9 мектептің (№№6,11,13,20,23,32,36,50,60 ОМ) асханасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында сенімгерлік басқаруға берілді.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бері ас блогына кезең-кезеңімен бейнебақылау орнату жүргізіліп келеді.
Тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераждық комиссия жүргізеді, оның құрамы медициналық қызметкерді, әкімшілікті, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, мектеп директорының бұйрығымен анықталады.Комиссия отырысы ай сайын өткізіліп, нәтижесі акт түрінде рәсімделіп, мектеп сайтына жүктеліп отырады. Барлық білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілерінде «Мектептік тамақтану» айдары құрылып, тамақтану бойынша ақпараттар жариялануда.
Ведомствоаралық-сараптамалық топтар бекітілген нұсқаулыққа сәйкес білім беру мекемелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізуде.