Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылғы 21 ақпан күні №30 мектеп-гимназияда ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында 2018-2019 оқу жылының I жартыжылдығындағы оқушылардың білім сапасының қорытындысы бойынша соңғы үштікке енген гимназиялар мен мектеп-гимназиялар, соңғы ондыққа енген білім мекемелері басшыларының есебі тыңдалды. Білім сапасын көтеру бағытында жүргізілген жұмыстары сарапталып, әдістемелік ұсыныстар берілді.