Department of Educationнің 2019 жылы 26 ақпан айында №№34,59,3 мектептерде әдістемелік десант жұмысы ұйымдастырылды. Әдістемелік десант жұмысына білім бөлімінің әдіскерлері мен озат тәжірибелі педагогтардан құрылған топ қатысты.
Әдістемелік десанттың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, критериалды бағалау жүйесінің жүргізілуіне бағыт-бағдар беру, көмек көрсету.
Әдістемелік десант барысында пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, өткізілген сабақтар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Презентация, шебер-сынып түрінде әдістемелік көмектер көрсетіліп, кәсіби сұхбат жүргізілді, ашық сұрақтарға жауаптар берілді. Нәтижесінде кері байланыс алынып, пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.
schedule of lessonsне сәйкес №59 орта мектепте 27 сабаққа қатысты. Қатысқан сабақтар бойынша сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, сындарлы ой-пікірлер айтылды, сабақтар бірлестіктерде талданды. Келесі бөлімде пән бірлестіктері бойынша 14 презентация мен шебер сыныптар, 11 сабақ көрсетіліп, барлығы 65 педагог қамтылды.
№3 мектеп-лицейде 27 сабаққа қатысты. Қатысқан сабақтар бойынша сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, сындарлы ой-пікірлер айтылды, сабақтар бірлестіктерде талданды. Келесі бөлімде пән бірлестіктері бойынша 14 презентация мен шебер сыныптар, 10 сабақ көрсетіліп, барлығы 63 педагог қамтылды.
Жалпы ақпан айында 3 мектепте 29 сабақ, 41 шебер-сынып пен презентация өткізіліп, 193 педагог қамтылды.
Аталған мектептерде кері байланыс алынып, кәсіби сұхбат өткізілді.