24.02.2018 жылы №51 орта мектебінің базасында «Рухани жаңғыру, бағдарламасын іске асыру мақсатында «Тәрбие және білім» бағытындағы «Отаным-тағдырым» жобасында - білім және сабақтастығын қамтамасыз ету; азаматтық қоғам және оның заңнамасы негізіндегі қағидаларды қалыптастыру мақсатында «Жас патриот» әскери-спорттық ойыны өткізілді. Аталған іс-шараға қаламыздың мектептері қатысты. Әскери-спорттық ойынына барлығы 750-ден аса мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.Ойынның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру, азаматтық-патриоттық сезімдерін, әлеуметтік жауапкершіліктерін, төзімділіктерін тәрбиелеу мен дамыту. Білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиплеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Оқушылардың бойында әскери-техникалық білім, білік пен дағдыны қалыптастыру , батылдыққа, ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу, тәртіп пен жолдастық сезімді қалыптастыру болып табылады.