"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында
1 773
6

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Дмитрий Карбышев атындағы

№16 орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Қамқоршылық кеңесінің жиналысының

ХАТТАМАСЫ №4

 

Тараз қаласы                                                                                                          «5» қараша 2018 жыл

 

Қатысқандар-10;

қамқоршылық кеңес мүшелері-7;

Онгарбаева Ж.-мектеп директоры;

Орысбекқызы С.-директор орынбасары;

Джанабаева Д.А.-кеңес хатшысы.

 

КҮН  ТӘРТІБІНДЕ

 

  1. Мектеп директорының атқарылған жұмыстар бойынша есебі.

                                                                                                                               Онгарбаева Ж.Б.

2.Әр түрлі мәселелер.

 

     Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша  мектеп директоры Онгарбаева Ж.Б. сөз алды. Ол өз сөзінде қамқоршылық  кеңес мүшелерін 2017-2018 оқу   жылының қорытындысымен  таныстырды. Атап айтқанда, білім сапасы мен оқу үлгерімінің қорытындысы бойынша жалпы мәлімет берілді.     Дмитрий Карбышев атындағы № 16 орта мектебінде  I тоқсанның  соңында 1460 оқушы болды, келген 12 оқушы, кеткен 18 оқушы . 1-4-сыныптар аралығында 669, 5-9 сыныптар аралығында 707 , 10-11 сыныптар аралығында  84 оқушы бар. Оның ішінде қазақ сыныптарында     727  оқушы,  орыс сыныптарында  733 оқушы.  20 бала үйде оқытылады, оның ішінде бастауыш сыныптарда - 12 оқушы,  5-11 сыныптар    аралығында - 8 оқушы.  Жалпы  мектеп бойынша білім сапасы -  47,4%. Жылдың соңымен салыстырғанда білім сапасы -4,8 кеміп отыр.  І тоқсан қорытындысы бойынша мектепте 2-4 сыныптар арасында 66 үздік, 213 екпінділер, орташа оқитындар саны-194, 5-9 сыныптар      арасында 16 үздік оқитын оқушы бар, екпінділер саны 266,  орташа оқитындар саны 425,  10-11 сыныптар арасында үздік оқушы-3, екпінділер   саны -36, орташа оқитындар саны -44.  Мектеп бойынша 2 оқушы аттестатталмаған: 11 «Б» сынып оқушысы Колдасов Богдан экстернат, 4    «Е» сынып оқушысы Левкин Дмитрий денсаулығына байланысты Алматыда ем қабылдауда , диагноз: лейкемия  (баяндама тіркелді). 

Сыныптар санына тоқталды.ҰБТ қорытындысы бойынша мәлімет келтірілді.Өткен оқу жылында мектеп түлектері ҰБТ бойынша жоғары көрсеткішке ие болды.Орташа балл саны- 88. 2018 жылы бітірген мектеп түлектерінің бәрі жоғары оқу орындарының білімгері атанды. Оқушылардың білімін дамыту мақсатында мектеп мұғалімдері жыл сайын біліктілігін  арттыру курстарынан өтеді. Сонымен қатар , физика , химия пәндері үш тілде өтетінін атап өтті . Мектеп ұжымы жыл сайын халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, әрдайым жүлделі орындар иеленуге тырысады. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі үйірме жұмысы болып табылады. Мектеп және мектептен тыс үйірмеге қатысатын оқушылар саны артуда, жыл басынан тізімге алынып, мониторингі салыстырмалы түрде жасалынады. Атқарылған іс шаралар бойынша толық есеп берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен,  аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру шараларымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, түрлі материалдық көмек көрсетіліп отырылады. Демеушілер қатарында мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер және мектеп мұғалімдері. Мектептің Уставына кіргізілген енгізулерге тоқталып өтті.

Тыңдалды:                                                                 

Әр түрлі мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөнгіндегі орынбасары-С.Орысбекқызы биылғы оқу жылында мектеп күшімен балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастыру мәселесін көтеріп, ертегі кейіпкерлері мен түрлі кейіпкерлердің сахналық костюмдерін тігуге немесе жалға алуға және безендіру жұмыстарына демеушілік көмек көрсетуді сұранып, қамқоршылық кеңес мүшелерінің талқысына салды. Қамқоршылық кеңес мүшелері бұл ұсынысты тиімсіз деп санады, себебі мұғалімдерді негізгі қызметтерінен алаңдатады және костюмдерге де аз қаражат жұмсалмайды.  

 

Кеңес шешімі:

  1. Білім беру ұйымы басшысының атқарылған жұмыстар туралы берілген есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.
  2. Жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізу мәселесі жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында талқылансын.

 

 

Кеңес төрағасы-Р.Ахметов

Кеңес мүшелері:

Абильдаева Ж.Б.

Гальвас Е.В.

Нурмаганбетова А.

Сидорова О.В.

Сыздыкова Л.

Туртабаев Ж.

 

 

Мектеп директоры                                                                                                 Ж.Онгарбаева                

 

 

Хатшы:                                                                                                                    Д.Джанабаева

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

6 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау