"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №51 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №51 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында
2 327
0

 

 Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының

 

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                        № 1                            « 24  » қазан  2018 жыл

 

 

Қатысқандар: қамқоршылық кеңес мүшелері (барлығы -  11  адам)

Қамқоршылық кеңес төрағасы:  Батырбекова Н.Т.

Хатшысы:  Тажиева К.Б.

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

  1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі

 

Тыңдалды:

 

         Жиналысты  қамқоршылық кеңес төрағасы  Батырбекова Н. ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселемен таныстырды.

         Келесі сөзді мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева алып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді,  қамқоршылық кеңесінің мақсат, міндеттеріне тоқтала отырып, мектеп туралы айтып өтті. №51 ОМ Тараз қаласы «Қарасу» иінінде орналасқан. Мектеп 2004 жылы 1 қыркүйекте 1266 оқушыға арналған жалпы білім беру мекемесі болып ашылды. Ғимараттың жобасы типтік үлгіде салынған. Жұмыс жобасы 2004 жылы құрылып, басталған. Құрылыс 15.03.2004 ж аяқталып, 2004 жылдың 1қыркүйегінде іске қосылды.         Мектеп ғимаратының жылу, су және жарық беру жүйесі орталықтандырылған. Жылумен «Жамбыл-Жылу», сумен «Горводоканал», жарықпен «Жамбыл энерго» комбинаты, қоқыс тасымалымен «Жасыл-Тараз» ЖШС қамтамасыз етеді. 2007 жылдың сәуір айының 26-да Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Жамбыл облысына ресми сапармен келіп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қатысты.  Елбасы мектеп ғимаратын аралап, жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған компьютерлік сыныптарда өтілген сабақтардың барысымен танысты. Сондай-ақ,  мектеп директоры мектептің материалдық-техникалық жағдайын атап өтті:

Оқу кабинеттері – 42

Спорт зал – 2

Мәжіліс залы – 1 ( орын)

Асхана – 1 ( орын)

Компьютерлік сынып – 3, компьютер саны –158 (1 компьютерге 9  оқушыдан келеді).

Интерактивті тақта  саны – 9

Жаңа модификациялы кабинет – 0

Шеберхана  –4

           Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылындағы мектепті жөндеуден өткізу, мектеп ауласын көгалдандыру, абаттандыру туралы айтты. Ағымдағы жөндеуге әк, көк бояу, цемент, гипсополимер, бояу  ерітіндісі, щетка, сыпырғыш, күрек, тырма, т.б. құрылыс заттары білім бөлімінен бөлінді. Асхана мен А блогінің бірінші қабатына, метод бөлмеге, А блогінің екінші қабатына кафель төселді. 2018 жылдың қараша айының басында құнды заттарды түгендеу санағы жасалды, ешқандай шығын болған жоқ. Медициналық тексеруден  ұжым өту үшін, жаңа жиһаздар алуға журнал, табельдерге, шаруашылық тауарларды алуға, жазғы сауықтыру лагеріне балаларға жолдамаға, отбасы жағдайы төмен оқушыларға сырт киім, аяқ киім алуға қаражат бөлінді, коммуналдық мекемелермен келісімшарттар жасалды. Әр аптаның жұма, сенбі күндері аллеяға, берілген көшені шөптен тазартуға, әктеп, сырлап тұруға кіші қызметкерлерді жұмылдырып тұратындығына тоқталды.

            2017-2018 оқу жылында 78 мұғалім біліктілік курстарынан өтті. Үштілділік, яғни биология, химия, физика пәндерін ағылшын тілінде өту бағдарламасына шолу жасап өтті.

          Сондай-ақ, мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының мақсат, міндеттерін айта отырып, шығармашылық топтарға жеке тоқталып өтті. Педагогтердің шығармашылық деңгейін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектепте:

1)«Жаңашыл» инновациялық орталығы;

2) Мемлекеттік аттестаттауға дайындық штабы;

3) ОҒҚ,  дарынды оқушылармен жұмыс;

4) «Жас талапкер» шығармашылық мектебі;

5) Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс;

6) Білім сапасын арттыру тобы «Зерде»;

7) Педагогтердің біліктілігін арттыру тобы;

8) «Шабыт»   шығармашылық тобы (5-11 сыныптар);

9) «Шабыт»   шығармашылық тобы (1-4  сыныптар);

10) «Ақпараттандыру»   шығармашылық тобы.

 

Аталған топтардың 2018-2019 оқу жылында  өзінің жұмысын ары қарай жалғастырып жатқандығын айтты.

Мектептің білім сапасына тоқталып, соңғы үш оқу жылындағы білім алушылар мен ұстаздардың  жетістіктеріне шолу жасады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың білім сапасын арттыруды мақсат қылып педагогикалық ұжым білім сапасын 15% көтеріп, 72,1% көрсетті. Мектепте халықаралық және ұлттық зерттеулерге дайындық  жұмыстарының жүргізілетінін айтты.

Мектептегі тәрбие мен құқық саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Қылмыстың алдын алу мақсатында және оқушылардың қызығушылығына қарай мектебімізде он үш үйірме жұмыс істеп тұрғандығын тілге тиек етті. Мектебімізде ешқандай оқушы есепте тұрмағанын атап өтті. Қылмысқа бейім оқушылар байқалса,  мектеп психологі жоспарлы жұмыстар атқарады. Мектебіміздің аймағына 1812 бала қамтылғандықтан, мектеп мұғалімдері кезекшілік рейд жұмыстарын атқарып тұрады. «Күнделік.кz» арқылы ата-аналар  балаларының білімі мен тәртібі туралы бақылап отырғандығын да айтты.

           Болашақта мектептің виртуалды музейін құру  жоспарда бар екенін айтты.

 

 

Сөз сөйледі:Батырбекова Н.

     Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үдерісінің алға басуына мәселелерді шешуге атсалыса жұмыс жасайтындығын айтты.

 

 

         Шешім:    

 

  1. Қамқоршылық кеңесінің алдындағы мектеп директорының есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.

 

 

 

 

Төраға    

Н.Т.Батырбекова                                   _________________________

 

Хатшы                 

К.Б.Тажиева                                          _________________________

 

 

 

 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау