"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №42 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №42 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында
2 010
127

№42  орта мектебінің  қамқоршылық кеңесінің жоспар бойынша атқарылған отырыс

Хаттамасы № 2

 

Өтілген күні: 12.09.18ж.

Қатысқандар:

Қамқоршылық кеңес төрайымы: Кембаева Ғалия Сейтжапарқызы   

  Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары:

Беликова Анастасия Викторовна

 Қамқоршылық кеңес мүшелері:

1.Тажибеков Талғат Сагынович

  1. Алиев Абдысагит Касымович
  2. Попова Татьяна Викторовна
  3. Асилбекова Нұргүл Мақсұтқызы

ата-аналар, қонақтар

Хатшы:  А.Н.Шыңғысбаева

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

 

  1. Мектеп директоры Б.М.Нысамбекова есебі

 

  Тыңдалды:

Мектеп директоры Бахыт Мекемтасқызы сөз алып есебін 2017 – 2018 оқу жылынан бастады.

  • 2017-2018 оқу жылын 1462 баламен аяқтадық. Оның ішінде 11сыныпты  46 оқушы бітірді.
  • 2018-2019 оқу жылының тамыз-қыркүйек айында республикалық «Мектепке жол» акциясы біздің мектепте де ұйымдастырылды. Барлығы 18 оқушы көмек алды. Оның ішінде 9 оқушы мектеп ұжымы тарапынан ұйымдастырылды. 4 оқушы экология басқармасы, 5 оқушы ТИГУ жоғарғы оқу  орны тарапынан көмек көрсетілді. ТИГУ 5 оқушыға     жылы куртка, аяқ киім, сөмке алып берсе, экология басқармасы және мектеп ұжымы  мектеп формасымен қамтамасыз етті.
  • Үй жағдайында оқытылатын балалар саны 2017-2018 оқу жылында 27 бала 2 оқушы инклюзивті деңгейде оқытылды.  Биылғы   2018-2019 оқу жылында 25 бала үйде оқытылады және 5 оқушы инклюзивті деңгейде оқытылады. Барлық балалардың ата-аналарымен келісілген сабақ кестесі және  ұстаздар папкалары толтырылып, уақытылы үйлеріне барып  сабақ берілуде. 
  • 2017-2018 оқу жылының мамыр айына дейін 1 оқушы қалалық есепте болды. Ол оқушы Ким Илья. Есепке қою мерзімі аяқталғаны үшін және жақсы тәртіп көрсеткені үшін және қалалық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі  орындар алып келгені үшін ол оқушы мамыр айында қалалық есептен шықты. Қазіргі таңда  қалалық есепте ешқандай оқушы жоқ.
  • 2017-2018 оқу жылында мектеп әкімшілігі және ұстаздарда бірнеше жетістіктер болды. Атап айтсам  әкімшілік тарапынан 4 алғыс хат , қалалық деңгейде 2 орны екеу, ағылшын бірлестігі бойынша  облыстық деңгейде ғылыми жобадан 1орын біреу, халықаралық конкурстан 1 орын жетеу, математика, физика , информатика бірлестігінде құрмет грамотасымен төсбелгісі  Музыка , еңбек, сызу бірлестігі  бойынша  республикалық деңгейде 3 орын  еке, қалалық деңгейде 14 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Орыс тілі бірлестігі бойынша  республикалық  дистанционды олимпиададан  1 дәрежелі дипломмен 4 оқушы, облыстық конурстан 2 дәрежелі дипломмен  біреу, 1 алғыс хат, қалалық эссе жазу байқауынан 2 орын 1оқушы,  1 орын 2 оқушы алды. ДШ және БӘД пән бірлестігі бойынша  футболдан  қала біріншілігінен  25 оқушы 2орын, 1  үздік төреші, 1 үздік жаттықтырушы, рәміздер күніне арналған байқаудан 1 орын, Облыстық «Денсаулық фестиваль» дипломмен 3 ұстаз марапатталды. Қазақ тілі бірлестігі  бойынша  қалалық деңгейде оқырмандар байқауында 2 орын 1 оқушы, ғылыми-практикалық конференциядан 1 оқушы 1орынмен мараптталды.

Тарих, өзін-өзі тану, құқық бірлестігі бойынша  халықаралық  олимпиададан 3 оқушы  3орын, қалалық байқаулардан 2 оқушы 3орын, қалалалық эссе байқауынан  1орын 1оқушы марапатталды.  Бастауыш сынып бірлестігінен дистанционды  олимпиададан 3 дәрежелі диплом, 8 оқушы «Ақбота» интеллектуалдық марафонда 1,2 орын алған, 5 оқушы қалалық қазақ тілі, дүниетану пәндерінен 1,2 орын 5 оқушы , халықаралық  Пони байқауынан 18 оқушы  жүлделі орындарды иеленген және 1 оқушы төсбелгімен марапатталды.

 

  • 2018-2019 оқу жылына мектептің  материалдық техникалық базасы,               мектептің оқу жылына дайындығы

    Мектеп балансында 2018 жылдың  қыркүйек айына барлығы

  87компьютер 6 интерактивті тақтасы  бар.

Интерактивті тақтамен жабдықталған -5 (информатика, физика, химия, биология, ағылшын пәні ) кабинеттері.

   Биология,физика,информатика кабинеттеріндегі интерактивті тақталар жұмыс істемейді.

1.№11 Информатика кабинетіндегі интерактивті тақта мен проектор жұмыс істемейді ,2007 жылдан қолданыста. Актілері тіркелген.

2.Физика кабинетіндегі тақтаның бір проводы үзілген, ручкасы тақтаға жазылмайды. Актілері тіркелген.

3.Химия кабинетіндегі интерактивті тақтаның процессорының аналық тақшасы (системный блок) , проектордың лампасы жұмыстан шыққан. Актілері тіркелген.

4.Биология кабинетіндегі интерактивті тақта проекторымен және колонкаларыда жұмыс істемейді. Актілері тіркелген.

5.Ағылшын кабинетіндегі интерактивті тақтаның проекторының лампасы отырған,көрсетілуі төмен,екі колонкасыда жұмыс істемейді. Актілері тіркелген.

   Кабинеттеріндегі интерактивті тақталар көп жылдардан бері қолданыста болуына ,қажетті бөлшектердің жоқ болуына байланысты жұмыс істемейді. Қалалық білім бөліміне сұраныстар берілген.     

    Мультимедиялық  кабинеті -1 (№13 кабинетте,15 компьютер,1 мұғалім компьютері,интерактивті тақтасымен 2014жылдың қараша айында берілген). Толығымен жұмыс істеп тұр.

Компьютер класы—3( №10каб.-12 компьютер, )Құралбаев А.

                                       №11каб.-15компьютер; Жауапты Қосақова С.

                                        №19каб-15 компьютер) Жауапты Терекбаева Мира

69 компьютер оқушылар пайдаланысында,5 компьютер кітапханада,2компьютер психологтарда,1компьютер социологта,2компьютер қабылдау бөлмесінде,1компьютер медбикеде,7-компьютер орынбасарларда.

Үйде оқытылатын оқушыларда 6дана компьютер бар. Сыныптарға парталар орындығымен,мұғалімдерге арналған стол орындығымен, шкафтар  жетіспейді. 2017-2018 оқу жылында берілген 4дана класс комплект үлкен блоктан №5,17кабинеттерге,кіші блоктан №15,16 кабинеттерге берілген.

Мектеп асханасының санитарлық-техникалық жағдайы:     Стандартқа сәйкес. Ыдыс жуатын бөлмеге  5ыдыс жуатын раковина, 6 қол жуатын орнатылған.

    Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы жақсы.Асхананың керекті журналдарын медбике қадағалайды. Шағымдану кітапшасы тігіліп бекітілген. Асхананы жуып-сүрту құралдары маркіленген.  Ағымдағы  жөндеу  әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп, пайдаланылуға берілді. Өрт сөндіру құралы ОП-5 орналастырылған.

    Асханада барлығы 2электр пеші,1 ет тартқыш, 1мұздатқыш,1 мармид бар.

       Мектебімізде барлығы 101дана өрт сөндіргіш  құралы бар.Сақталу мерзімі біткен 30дана өрт сөндіргіш баллоны қайтадан толтырылды.

       2016 жылдың сәуір айынан бастап «тіс дәрігері кабинеті барлық құрал-жабдығымен» тексерістен өтіп, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр.

    Өртке қарсы дабыл қаққыштар 2013 жылдың шілде айында қойылған.

 8 жерден бейнебақылау 2012 жылдың тамыз айында қойылған. 8 бейнебақылауда  жұмыс істеп тұр.

 Өртке қарсы  мектепішілік дабыл қаққыштың «Гранит-24» (охранно-пожарной сигнализации)  қойылған жылы : 2008жылдың  сәуір айы .

     Ай сайынғы техникалық  ақауларын  Жауапкершілігі шектеулі  «Rin As » ұжымы тексерістен өткізіп тұр.

 Медициналық кабинет -3 (қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған) Медициналық  кабинет екінші қабатта орналасқан жалпы көлемі 33 ш.метрді алып жатыр.

Жеке гигиеналық ережелерді сақтауда қол жуғыш орталықтандырылған канализацияға қосылған. Кварц лампасы жұмыс істеп тұр.

2018жылдың қыркүйек айына 2 мұздатқыштың (холодильниктің) 1-еуі істен шығып тұр. Бірнеше рет жөндетілген.

         Акт залы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді,қалалық білім бөлімінен берілген 400шаршы метр линолеум,акт зал еденіне, акт залға кіре берістегі фойенің линолеумінің тозып кетуіне байланысты толығымен ауыстырылып, қалғаны директор бөлмесіне,қабылдау бөлмесіне және хореография кабинетіне(26 ш.метр ) төселінді.Жөндеу жұмыстарына бөлінген (450000теңге)  әр түрлі сырлар,құрылыстық қоспа заттары,әк т.б. заттар толығымен пайдаланылды.

  2018жылдың есебінен мектептің санитарлық тазалығын қалыпты ұстап тұру үшін бөлінген 144кг. Хлорка,200метр ветошь,80дана кір сабыны,тазалағыш құралдар Биостар порошогі 100дана,  Биолан еден тазалағыш 60дана қолданыста. Өз қаражатымызға 15 дана жарықты  қосып-өшіретін  (выключатель света),7дана су құбырының  шүмегі (смеситель сантехника) алынып қажетті жерлерге орналастырылды,30 метр ауланы көгалдандыру үшін  (поливной шланг) су түтікшесін,қоқыс шығаратын арба жәнеде т.б. шаруашылық заттар алынып қазіргі уақытта қолданыста жүр.

  Спортзал толығымен әктеу сырлаудан өткен. Спортзалдың терезелерін және еденін  жөндеу керектігі жөнінде бірнеше рет қалалық білім бөліміне сұраныстар жазылған. Ер балалар шешінетін бөлмеге жарығы жеткіліксіз болуына байланысты қайтадан үлкен жарық түсіргіш лампа орнаттық.

              2018-2019 жаңа оқу жылына дайындықты  мектептің ішкі тазалығын, кабинеттердің санитарлық –гигиеналық тазалығын, кабинеттердің жарық  режимін қадағалаудан , жылу жүйесінің бірқалыпты  жүйеде істеп тұрып тұруын бақылаудан бастадық.Кабинеттер толығымен сырланып,әктелінді.Сынған орындықтар қалпына келтірілді. 

     Мектептің қоршауы әктелінді , есіктері сырланды ,  бордюрлар  әктелінді.    Мектеп территориясындағы спорт алаңында тазалау жұмыстары жүргізіліп,спорттық инвентарьлар сырланды, мектеп қоршауының сыртындағы жерлердіде қоқыстардан,  сынған ағаш  бұтақтарынан  тазарттық.  Мұғалімдер жаппай мектеп ауласын тазартуға , шөп жұлуға жұмылдырылды, мектеп ауласындағы барлық ағаштар түгелдей әктелінді.

         Сынып бөлмелері , шеберханалар, асхана, спортзалы, актовый зал,ғимарат дәліздерінде ағымдағы жөндеу (әктеу, сырлау) жұмыстары толығымен бітті. Әктеліп ,сырланды. Терезелер сүртіліп, жалюзилер қайтадан ілінді. Мектеп жылу жүйесі бойынша опрессовкадан өткен. Бойлердің техникалық жағдай сырланған, әктелген, көрсеткіш «сумматор» биылғы 2018-2019 оқу жылына тексерістен өткізіліп, 5 жерден пломба койылған.

 Мектептің оқу жылына дайындығы туралы актісін 31 тамыз күні алдық.

 

Шешімі:

 

  1. Мектеп директорының есебі  жоғары деңгейде деп бағалансын.
  2. Барлық аталған жұмыстар өз жалғасын тапсын.

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы:                   Кембаева Ғалия Сейтжапарқызы   

Хатшы:                                                Шыңғысбаева А.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

127 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау