"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" қалалық конкурсына құжаттарды қабылдау жүргізілуде.
Конкурс ережеге сәйкес екі кезеңде өткізіледі.
Тараз қаласының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығымен бекітілген "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 наурыздағы №67 бұйрығын орындау мақсатында "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" атты конкурсының қалалық І кезеңін өткізеді.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
2) II кезең – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпазы анықталады.
Осыған орай, қалалық кезеңіне қатысатын білім беру ұйымдары құжаттарын ағымдағы жылдың 12 сәуір күніне дейін тапсыру қажет. Қосымша ақпарат үшін 87072760037 нөміріне хабарлассаңыз болады.
Посмотреть онлайн файл: orta-blm-beretn-zdk-jym-habarlandyru.doc