Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры - Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойына орай, барлық білім беру мекемелерінде жоспарға сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Соның ішінде кең ауқымда М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінде 2022 жылдың 15 наурызында Тараз қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ерлік ешқашан ұмытылмайды" атты қалалық тарихи-әдеби кеші өтті.
Мақсаты - батыр қыз Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өскелең ұрпақтың бойындағы ұлтжандылық сезімін күшейту, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру.
Мектептің өнерлі, талантты оқушыларының қатысуымен сахналық көрініс көрсетіліп, хор, патриоттық әндер, би орындалды. Тарихи-әдеби кеш жоғары деңгейде өтіп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыс айтылды. Іс-шараға білім бөлімінің әдіскерлері М.Алиева, А.Халымбетова, қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен ұжым педагогтері қатысты.