Әдістемелік десант жұмысы туралы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті 2018 жылғы 11 қазан күні №№35, 54 орта мектептерде әдістемелік десант жұмысын өткізді. Білім бөлімінің әдіскерлері мен озат тәжірибелі педагогтардан құрылған әдістемелік десант мүшелері №35 орта мектептің пән мұғалімдерінің 18 сабағына, №54 орта мектепте 22 сабаққа қатысты. Қатысқан сабақтар бойынша сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, сындарлы ой-пікірлер айтылды, сабақтар бірлестіктерде талданды. Келесі бөлімде пән бірлестіктері бойынша 8 презентациялар мен шебер сыныптары көрсетіліп, барлығы №35 орта мектепте 42, №54 орта мектепте 52 пән мұғалімі мен әкімшілік мүшелері қамтылды.
Жүргізілген кері байланыстың нәтижесінде өткізілген әдістемелік тиімділігі айқындалып, ұсыныс пікірлер тыңдалды.