"target="_blank">
Qaz | Rýs | Engl
Тараз ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

18:21
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:06
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12:37
Республиканская олимпиада для учащихся 5-6 классов
15:15
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы (қалалық кезен)
19:07
7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 7 – 8 классов
18:06
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада / Республиканская олимпиада для учащихся 5 – 6 классов
12:45
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
14:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңі хатамалары
03:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (қалалық) кезеңінің хаттамалары
22:27
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада 2023-2024
10:51
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
10:50
«Жұлдызай» инклюзивті ойындар спартакиадасы
11:31
Бағдарламаны (авторлық) дайындау туралы
11:29
Педагогтерді аттестатау туралы
11:21
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиада
17:30
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
18:13
№61 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:26
ОБЪЯВЛЕНИЕ
09:25
ХАБАРЛАНДЫРУ
Көп жаңалықтар
» » №15 мектеп-гимназияның директорының есеп беру жиналысының ХАТТАМАСЫ

№15 мектеп-гимназияның директорының есеп беру жиналысының ХАТТАМАСЫ

Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында
2 543
6

№15 мектеп-гимназияның директорының есеп беру жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                       №1                             «20»  желтоқсан 2017 жыл

 

Жиналыс төрағасы:  Булекбаева Рахима Бекетовна

Хатшысы:  Орманова Нұрила Аманбекқызы

Қатысқандар: ата-аналар, мұғалімдер, тұрғындар

КҮН ТӘРТІБІ

  1. 2017-2018 оқу жылындағы І жарты жылдықтың қорытындысы.
  1. Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және мектеп оқушыларының формаларына қойылатын талаптар туралы.
  1. «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері».

         Жиналысты мектеп директоры  Булекбаева Рахима Бекетовна сөз алып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырды.   

Бірінші мәселе бойыншамектеп директоры Булекбаева Рахима Бекетовна 2017-2018 оқу жылындағы І жарты жылдықтың қорытындысы бойынша есеп берді. Оқушылардың жарты жылдықта жеткен жетістіктерін атап көрсетті.

         1. Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім

беру саласындағы 5 қадам жоспарланып, жүзеге асырылуда. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. 
79-қадам. Білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.
89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. 
Аталған жағдайларға байланысты 2017-2018 оқу жылының I жарты жылында Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында атқарылған жұмыстар.
Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиясында 677 оқушы білім алуда. Школьникам білім, тәлім-тәрбие беруде 61 мұғалім қызмет етеді. Пәндік үйірмелермен қатар драма, вокал, спорт, хореография үйірмелері жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі 2017-2018 оқу жылында 95 пайызды құрайды. 2017-2018 оқу жылында 2,5,7-сыныптар жаңартылған білім бағдарламасына көшті. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3,6,8,10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4,9,11-сыныптар көшеді.
Дарынды балалармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2017-2018 оқу жылында 3 оқушы қалалық пән олимпиадасының, 1 оқушы облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы атанды. 
Қалалық ғылыми жоба байқауында 7 оқушы жүлделі орын иегері атанып марапатталды. Облыстық ғылыми жоба байқауында 3 оқушы жүлделі орын иегері атанды. 3 оқушының барлығы тесттік тапсырмаларын талапқа сай орындады. Республикалық «Эрудит» ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында 8 оқушы  республикалық байқауға жолдама алып, 7 оқушы жүлделі орынды иеленді, 1 оқушы «Алғыс хатпен» марапатталды.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектепте әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, әр салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектерімен кездесу, шетелде білім алып жатқан мектеп түлектерімен онлайн кездесулер өткізіледі. Мектеп оқушылары мен ата-аналарының ұйымдастыруымен мектеп ауласына 13 жасыл шырша отырғызылды. 

Екінші мәселе бойыншамектеп директоры Булекбаева Рахима Бекетовнааз қамтамасыз етілген отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру шараларымен және мектеп оқушыларының формаларына қойылатын талаптармен таныстырды. Оқу жылының  басынан  бастап  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 2015  жылғы  13  сәуірдегі  № 198 бұйрығына  6-қосымшасын  орындау  мақсатында  1-11  сынып оқушылары  арасында  82  оқушы  ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етілді  және   мектепшілік  бұйрық  шығарылды. Сонымен  қатар  оқушылардың  уақытылы  тамақтануына  арнайы  тамақтану  кестесі  жасалынды.Мектеп  бойынша  671  оқушы болса, оның 520-ы, яғни  80%  қоғамдық  тамақпен  қамтылған.Ал,1-10  сынып  бойынша  82  оқушы  ыстық  тегін  тамақпен  қамтамсыз  етіліп  отыр. Мектеп  оқушылары  тамақ ішу  кезінде  гигиеналық-санитарлық  тазалықты  әр  қашанда  сақтап  отырады.  Апта сайын «Аллана»ЖСШ  жасалынып  келетін  ас мәзірін  мектептің оқу-тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасары  Исабекова Г.Б , медбикесі  Шаужанова Л.А  алдын-ала  қол  қойып , тексерістен  өткізіп  отырады .Әр  тамақтану  кезінде  бастауыш  сынып  жетекшілері  бірге  барып  олардың  дұрыс  тамақтануын  қадағалайды.Бүгінгі таңда  жалпы  мектеп  асханасынан  ыстық  тамақпен  тамақтанатын  оқушылар саны -671,соның ішінде  тегін тамақпен  тамақтанатын  оқушылар-82.Әлеуметтік жағдайларына  байланысты 5-10 сынып аралығындағы  тегін  тамақтанатын  оқушылар саны -32. 1-4 сыныптан-49 оқушы ,ата-ана қамқорлығынсыз қалған (жетім) бала саны-1.

№15 мектеп-гимназиясы  ыстық тамақпен  қамтылған оқушылар

Сыныбы

Аз қамтылған отбасы

Көп балалы отбасы

Толық емес отбасы

Бала

саны

1

1 сынып

 

7

1

8

2

2 сынып

 

14

 

14

3

3 сынып

 

8

2

10

4

4 сынып

2

13

2

17

5

5 сынып

 

10

 

10

6

6 сынып

 

8

1

9

7

7 сынып

 

6

1

7

8

8 сынып

 

3

1

4

9

9 сынып

 

 

2

2

10

10 сынып

 

 

1 қамқоршылықта

1

 

 

 

 

барлығы

82

 

Үшінші  мәселе бойыншамектеп директоры Булекбаева Рахим Бекетовна«Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» бойынша есеп берді.Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысатын, өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтайтын, оны молайтуға қабілетті, іскер жсөспірімді тәрбиелеу. Биылғы оқу жылында 677 оқушы білім алуда. Сынып саны-26. ЖІИ есебіндегі оқушының саны-жоқ. Мектепшілік есепте оқушының саны-жоқ.Заң бұзушылықты жасаған оқушының саны-жоқ. «Қауіпті топ» есепте-жоқ.  Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда, ауыр қылмыс фактілерін болдырмау, есепте тұрған контингентті бақылау, одан басқа қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтау мақсатында мектеп мұғалімдері мен инспектордан «Ерікті қоғам мүшелері» құрылды. «Ерікті қоғам мүшелерінің» міндеті түскі және кешкі ауысым, сонымен қатар үлкен үзіліс кездерінде мектептің 500 метрлік аумақтарында рейд жүргізілді. Бала сағат 23.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінен ұсталса (кафе, бар, түнгі клубтар, компьютер клубынан және т.б) ата-ана 336-3, 336-4 баптары бойынша жауапқа тартылады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды орынсыз, себептерсіз тәрбиелемесе және білім бермесе оның ата-анасы немесе заңды өкілдері (111 бапқа сәйкес) жауапқа тартылатындығы айтылды.
Қойылған сұрақтар:

1.Бейсенбекова Мадина, келесі оқу жылында мектеп формасы өзгереді ме,жоқ па?

2.Жаңбырбай Қымбат, тегін ыстық тамақпен қамтылу үшін қандай құжаттар дайындау қажет?

Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар:
1. Мектеп-гимназия директоры Булекбаева Рахима Бекетовна I жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жасаған есебі негізінде мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста болып, олардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын  назарда ұстасын.

2. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру жандандырылсын.

3. Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыса отырып, түсіндіру іс-шараларын өткізсін.

 

 

Төраға                  (қолы)_____________________

Хатшы                 (қолы)      _____________________

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

6 комментариев

MatthewGub 14 октября 2021 17:50
editing an essay college papers for sale
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

Басшы блогы-қабылдау