Ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні Тараз қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен №15 мектеп-гимназия кешенінде «Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын іске асыру» тақырыбында әлеуметтік педагогтарға арналған семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесті үздіксіз білім беру секторының меңгерушісі А.Байназарова ашып, семинардың мақсаты, жұмыс бағдарламасы таныстырылды. Семинар барысында 2021-2023 жылдарға арналған жол картасының ұйымдастыру және дайындық жұмыстары мен практикалық іске асыру жолдары қарастырылып, мектеп асханаларында жүргізілген мониторинг нәтижелеріне, бракераждық, мониторингтік топ жұмыстарына тоқталды.
Сонымен қатар, семинар барысында әлеуметтік педагогтер арасында бракераж комиссиясының жұмысы бойынша тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізіліп, жалпы сұрақтарға жауап берілді.