2019 жылғы 14 ақпанда #53 мектеп-гимназия кешенінде, "Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік" атты кең көлемді республикалық акция шеңберінде оқушылар назарына құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығымен ашылған іс-шарада жуырда ғана Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында оқушылардың қатысуымен орын алған келеңсіз оқиғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар білім бөліміне қарасты барлық мектепте Тараз қалалық ЖПҚ ЮПБ ИДН инспекторлары мен мектеп әкімшілігі тарапынан акция барысында ұйымдастыру өз жалғасын табатын болады.