2018 жылдың 13 желтоқсан күні №15 мектеп-гимназия базасында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Алиева Бахыт Белгібайқызының ұйымдастыруымен «Нәтижеге бағытталған білім беру арқылы - білім сапасын арттыру» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинарды өткізудегі мақсат – білім беру үрдісінде нәтижеге бағытталған әдіс-тәсілдер қолдану мақсатында тәжірибе алмасу болатын. Аталған семинарға 2018 жылдың І тоқсандағы білім сапасының қорытындысы бойынша төмен білім сапасын көрсеткен 33 білім мекемесінің математика пәні мұғалімдері қатыстырылды. Жалпы семинарға 31 мұғалім қатысып, семинарда әдіскер мен 4 педагог өздерінің мазмұнды әрі тиімді іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсам:
- Алиева Бахыт Белгибайқызы – Қ.Б.Б-ң әдіскері
Презентация: «Мектептегі білім сапасын көтеруге заманауи көзқарас»
- Атамбаева Гаухар Алғабасқызы - №45 Б.Момышұлы ат. классикалық гимназияның математика пәні мұғалімі
Шеберлік сынып: «Сабақты зерттеу – білім сапасын арттырудың кепілі»
- Абиева Айнаш Мұратқызы - №39 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі
Ашық сабақ: «Квадрат теңдеулерді шешу» 8 сынып
- Абдиразақова Гүлжанат Болатбекқызы - №12 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі
Ашық сабақ: «Теңбүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері» 7 сынып
- Нарынбекова Тұрсынхан Аусханқызы - №15 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі;
Панорамалық сабақ: «Жақшаларды ашу. Коэфициент. Ұқсас қосылғыштар» 6 сынып
Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалып, педагогтардың семинар туралы пікірлері тыңдалып, ұсыныстары айтылды. Семинардан қысқаша көрініс төменде көрсетілді.