
Department of Educationнің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 қарашасында математика пәніне бейімі бар балаларды анықтап, оқушыларды олимпиада практикасына бейімдеу мақсатында «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.

Іс шараға қала мектептерінің 5-6 сынып білім алушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 45 білім алушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің арнайы сертификатымен марапатталды.


Облыстық кезеңге 24 оқушы жолдама алды.

ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!