DataLife Engine > Әулемет және тәрбие жұмыстары > «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында математика және физика сабақтарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында математика және физика сабақтарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»

     2018 жылдың 30 қараша күні №51 орта мектептің базасында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Алиева Бахыт Белгібайқызының ұйымдастыруымен  «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында математика және физика сабақтарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинарды өткізудегі мақсат - жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін барынша жетік меңгерту арқылы, оқушылардың тұлғалық қабілеттерін ашу болатын. Аталған семинарға білім бөліміне қарасты               46 білім мекемесінен математика ж/е физика пәні бойынша 52 педагог қатыстырылды.  Семинарда  әдіскер мен 5 педагог өздерінің мазмұнды әрі тиімді іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Атап айтар болсам:

  1. Алиева Бахыт Белгибайқызы – Қ.Б.Б-ң әдіскері

Баяндама: «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер»

  1. Орынбекова Назира Бахытжанқызы - №8 гимназияның математика пәні мұғалімі

Шеберлік сынып: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ жоспарын құрудағы проблемаларды шешу»

  1. Абдымомынова Жанерке Талғатжанқызы - №11 орта мектептің математика пәні мұғалімі

Ашық сабақ: «Квадрат теңдеулерді шешу»  8 сынып

  1. Байтасова Гүлбану Абдиманапқызы - №42 орта мектептің физика пәні мұғалімі

Ашық сабақ: «Температура, оны өлшеу тәсілдері. Температураның шкалалары» 8 сынып

  1. Утенова Гүлнар Ануарқызы - №53 Қ.Тұрысов ат. мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі;

Даниярбек Роза Нұрланқызы - №46 орта мектептің математика пәні мұғалімі;

Іс-тәжірибе алмасу, тарату: «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы»

(аталған екі мұғалім «Математикалық сауаттылыққа есептер шығару» атты  5-11 сынып оқушыларына арналған кітап шығарған. Аталған мұғалімдер осы оқу - әдістемелік құралды таныстыра отырып, ондағы есептердің бірнешеуінің шығарылу жолдарын көрсете отырып, түсіндіріп өтті және оқу-әдістемелік құралдың тұсауы кесілді. Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалып, педагогтардың семинар туралы пікірлері тыңдалып, ұсыныстары айтылды.  Семинардан қысқаша көрініс төменде көрсетілді.

 

 

 

 




Вернуться назад