Ата-аналардың назарына!
*2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 2022-2023 оқу жылына білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа қабылдау жұмыстары басталады.
*1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
*Өтініштерді қабылдау egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
*Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, портал арқылы жүгінген кезде –бір жұмыс күні.
*Балаларды гимназиялар мен лицейлердің 1 сыныбына қабылдау үшін білім беру ұйымдары мерзімдері, нысандары мен тапсырмалары күнтізбелік жылғы 15 маусымға дейін дербес белгілейтін емтихандар өткізеді.
*Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
*Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
*Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді
*"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшадағы мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізбесін портал немесе қағаз жеткізгіш арқылы тапсырады.
*Құжаттарды қабылдау egov.kz сайты арқылы электронды түрде жүргізіледі
Қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан);
3) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
Посмотреть онлайн файл: 275-npa-kaz.doc
Посмотреть онлайн файл: abyldau-turaly.doc
Посмотреть онлайн файл: aida-mektepke-abyldau-zhne-auysu-bojynsha-1.doc
Вернуться назад